20.04.2011, 13:21 8024

АЭС қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құраушысының бірі ретінде танылуы керек

АЭС қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құраушысының бірі ретінде танылуы керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 20 - сәуір. Kazakhstan Today - АЭС қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құраушысының бірі ретінде танылуы керек. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық энергияны қауіпсіз және инновациялық мақсатта пайдалану мәселелері жөніндегі Киев саммитінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін тағы да, бұдан 25 жыл бұрынғы тәрізді, әлем алдында атом энергиясының қауіпсіздігі мәселесі өткір тұр. Жапондық "Фукусима" АЭС-дағы төтенше жағдай мұның қайғылы мысалы болып табылады. Ол атом энергетикасын дамыту саласында жаһандық тәуекелдерді басқарудың жалпыпланеталық механизмдері тапшы екенін айқын көрсетті",- деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, "Сірә, АЭС құрылысының алдағы жоспарында принципті түрде жаңа көзқарастар қажет шығар. Бұл әсіресе осы салада бұл уақытқа дейін тәжірибесі болмаған, атом энергиясын дамыту ниетіндегі елдер ескеру үшін керек. Үстіміздегі ғасырдың ортасында әлемнің 50-ге жуық елі атом стансаларын орналастыруды ойластыруда. Кез келген АЭС-дағы ядролық апаттың жағымсыз салдарлары міндетті түрде трансшекаралық өлшемдерге ие болады. Осыған байланысты АЭС-ның және өзге азаматтық атомдық нысандардың қауіпсіздігі жаһандық ядролық қауіпсіздіктің маңызды құраушысының бірі ретінде танылуы керек. Атом энергетикасы нысандарының бірыңғай, қатаң шектегі және халықаралық танылған стандарттары мен қауіпсіздік өлшемдерін әзірлеу төтенше маңызды. Онсыз әлемде бірде-бір АЭС-сын пайдалануға жол берілмеуі тиіс. МАГАТЭ аясында және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, АЭС басқару және қорғау жүйесінің міндетті тұрақты стресс-тестін жасау пайдалы болған болар еді. АЭС пайдаланушы мемлекеттер мен компанияларды толық көлемде өз халқын және халықаралық қоғамдастықты кез келген, тіпті өздерінің ядролық объектілеріндегі ең елеусіз оқиға туралы тез арада хабардар етуге міндеттеу қажет. Осы заңды талапты бұзған жағдайда қатаң санкция қарастыру керек. Атом энергетикасын дамытушы елдің үкіметі өзге мемлекеттердің экономикалық мүдделеріне және жаһандық экологияға нұқсан келтіргені үшін толық жауапкершілікті алуға дайын болулары керек. Біз өзіміздің немерелеріміз бен шөберелеріміз қазіргі уақытта билік басындағы және бизнестегілердің қателіктері үшін жауап бермейтіндей жасауымыз керек",- деп атап өтті елбасы.

"Қазақстан атом энергетикасын дамытуға барлық жағдайды екшеп кіріскелі отырмыз. Біздің еліміз қазір уран кенін өндіру жөнінен әлемде бірінші орында. Еліміз реакторларды пайдалануда да, қолданбалы ядролық физика саласында да жеткілікті дәрежеде ғылыми-тәжірибелік сынақтардан өткен. Өзіміздің атом өнеркәсібін дамытуды жалғастыра отырып, біз ядролық отын циклінің вертикалды интеграцияланған компаниясын құруды жоспарлап отырмыз. Яғни, уранды өндіруден бастап, одан отын алуға дейінгі циклді жасамақпыз, Сонымен бір мезгілде радиоактивтік материалдардың заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет етуші және атом энергиясын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді мемлекеттік жүйесін құрамыз. Қазақстан МАГАТЭ аясында біздің елімізде аз байытылған уранның халықаралық банкін құру туралы идея контестінде таратпау режимін нығайтуда үлесті кеңейтуге дайын. Мен Қазақстан аумағында банкті ораластыруға әзір екендігімізді тағы да қуаттаймын. Біз атом энергетикасы бүкіл әлемдік қоғамдастықта инновациялық-индустриалдық дамудың шектеулі бөлігіне айналу мүмкіндігіне сенеміз. Алайда бұл үшін ядролық технология ХХІ ғасырдың талаптары мен тиісті рухындағы сапалы жаңа деңгейге шығуы керек. Қазақстан Үкіметі Франция мен Украина Президенттерінің мәлімдемелерін қарай келе, Чернобыль АЭС-на арналған халықаралық жобаны аяқтау үшін қаржы бөлу туралы шешім қабылдағанын атап өткім келеді. Киев саммитінде атам энергетикасының қауіпсіздігі мен заманауи даму мәселелерін кең және жан-жақты талқылау нақты нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетініне үміт артамын",- деді ҚР президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны