09.11.2006, 18:09 2842

"Африка-Израиль ЛТД" компаниясы 2,5 жылда Қазақстанда 100 мектеп салмақшы

АСТАНА. 9-қараша. Kazakhstan Today. "Африка-Израиль ЛТД" компаниясы 2,5 жылда Қазақстанда 100 мектеп салмақшы. Бұл туралы бүгін компания басшысы Лев Леваев республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездесу барысында хабарлады.

"Бұл қазіргі заманғы техникамен жабдықталған кемелденген мектептер болмақ",- деді ол.

Ал үкімет басшысы өз кезегінде ұсынылған жобаларға қызығушылық білдіріп, қаржы мәселесін дәйектеуді тапсырды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны