24.04.2018, 14:06 4548

Ағымдағы сәтте тегін дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға 25,6 млрд. теӊге сомасына жеткізілді

"СҚ-Фармация" ЖШС төрағасыныӊ міндетін атқарушы Шария Исмуханованыӊ айтуынша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектіӊ көп бөлігі ШҚО - 3,3 млрд. теӊгеге жөнелтілді."Алматыға препараттар 3,1 млрд. теӊгеге сомаға жөнелтілді. Қарағанды облысына - 2,6 млрд. теӊгеге, Астана қаласы бойынша жалпы сомасы 2,4 млрд. теӊгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер түсті.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласыныӊ емханаларына дәрілік заттарды жеткізу жоспары сәуір айындағы жағдай бойынша 100% -ға орындалды. Сонымен қатар, дәрілер ШҚО, Алматы облысына және Алматыға толық жөнелтілді - бұл өӊірлерде дәрілерді жөнелту жоспары 99%-ға орындалды. Еліміздіӊ медициналық ұйымдарында дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда.

Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілер мен медбұйымдар емханалардан түскен өтінімдерге сәйкес бүкіл ел бойынша 391 медициналық ұйымға түсуде. Ағымдағы сәтте тегін дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға 25,6 млрд. теӊге сомасына жеткізілді.

"СҚ-Фармация" ЖШС төрағасыныӊ міндетін атқарушы Шария Исмуханованыӊ айтуынша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектіӊ көп бөлігі ШҚО - 3,3 млрд. теӊгеге жөнелтілді."Алматыға препараттар 3,1 млрд. теӊгеге сомаға жөнелтілді. Қарағанды облысына - 2,6 млрд. теӊгеге, Астана қаласы бойынша жалпы сомасы 2,4 млрд. теӊгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер түсті.

Бірыӊғай дистрибьютор басшысы БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маӊғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында - дәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жеке меншік дәріханалық желілер арқылы, ал қалған сегіз - Алматыда, Астанада, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да дәрілер емханалардағы дәріханалар арқылы босатылады. Бұл аймақтарда дәрілерді есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алуға үнемделген ақша қаражаты қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталатынын айтты.

"Ағымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық деӊгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ 421 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыӊғай дистрибьютордыӊ тізімі бойынша, амбулаториялық және стационарлық деӊгейде дәрімен қамтамасыз етуге арналған 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктіӊ 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша қайтадан тендер рәсімдері өткізілуде, қорытындысы сәуірде шығарылатын болады", - дейді Шария Исмуханова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны