04.05.2008, 13:51 2902

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ішкі істер органдарында 249 мың шетел азаматы тіркелді - ҚР ІІМ

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ішкі істер органдарында 249 мың шетел азаматы тіркелді - ҚР ІІМ

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында ішкі істер органдарында 249 мың шетел азаматы тіркелді. Бұл туралы ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев Астана қалалық ІІД мен көліктегі орталық ІІД-нің көші-қон полициясының қызметкерлер құрамымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Елге келу тәртібін бұзғаны үшін 36 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 867 адам елден шығарылды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен соттың ел аумағынан аластау жөніндегі қаулысын орындамағандарға қатысты 54 қылмыстық іс қозғалды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартып пайдаланғаны үшін 700 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Қазақстан азаматтығын 30 915 адам алды, олардың 93,5% оралмандар", - делінген хабарламада.

Астана қалалық ІІД осы мерзімде 25 мыңанн астам шетел азаматын тіркеді, олардың 1266-сы елге келу тәртіптерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сонымен бірге көші-қон полициясының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Жекелеген бағыттар бойынша бірқатар кемшіліктер бар", - деді А. Шпекбаев.

Атап айтсақ, заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнаулы саптық бөлімшенің іс-қызметінің тиімсіздігіне, көші-қон тәртіптерін бұзған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жауапкершілікке тарту жұмыстарын пәрмендендіру қажеттігіне, шетелдіктердің келіп-кетуіне бақылауды күшейтуге, тұрақты тұруға қабылдау құжаттарын сапалы қарауға назар аударылды.

"Астана қалалық көші-қон полициясы қызметкерлеріне заңсыз көші-қонмен күресті пәрмендендіруге, шетелдіктердің Қазақстанда болу тәртіптерін бұзу оқиғаларын анықтауға, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланушы жұмыс берушілерді анықтауға, алимент төлемегендер мен борышкерлерді іздеуге, өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықпен және тәртіп пен заң бұзушылықпен күресті күшейтуге бағытталған нақты міндеттер жүктелді", - делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны