20.05.2010, 12:45 1599

Ағымдағы жылдың 3 айында алаяқтардың іс-әрекетінен мемлекетке 1,3 млрд теңге, ал азаматтар мен ұйымдарға 700 млн теңгеден астам залал келтірілген

Ағымдағы жылдың 3 айында алаяқтардың іс-әрекетінен мемлекетке 1,3 млрд теңге, ал азаматтар мен ұйымдарға 700 млн теңгеден астам залал келтірілген

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 3 айында алаяқтардың іс-әрекетінен мемлекетке 1,3 млрд теңге, ал азаматтар мен ұйымдарға 700 млн теңгеден астам залал келтірілген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдары алаяқтық фактілері бойынша 583 қылмыстық іс қозғаған, 483 қылмыстық іс сотқа жолданған. Анықталған залал сомасы 2 млрд теңгеден асты. Мәселен, алаяқтардың іс-әрекетінен мемлекетке 1,3 млрд теңге, ал азаматтар мен ұйымдарға 700 млн теңгеден астам залал келтірілген",- деді М.Жұманбай.

Қаржы полициясы органдары қабылдаған іс-шаралардың нәтижесінде 1,2 млрд теңгенің орны толтырылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кылмыстық заңнамамен алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлау үшін ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру көзделгендігіне қарамастан, алаяқтық кең тараған және қоғамдық қауіптілігі жоғары қылмыс болып қалып отыр".

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, алаяқтық фактілерінің басым бөлігін жылжымайтын мүлікпен жасалатын заңсыз әрекеттер құрайды.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша үлестірілетін пәтерлерді алуға жалған көмек жасау пайдакүнемдердің заңсыз баюының тағы бір қайнар-көзіне айналып отыр.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтей отырып, ұялы байланыс мүмкіндіктерін пайдалану арқылы өздерінің қылмыстық кәсібін жалғастырған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қаржы полициясы органдары несие алу мақсатында жалған құжаттарды қолдану арқылы банк саласында жасалған көптеген алаяқтық әрекеттер анықталды.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, қысқа мерзімде арзан несие алуға тырысатын азаматтар көп жағдайда алаяқтардың құрбанына айналады.

Қаржы полициясы органдары шағын несие ұйымдарын құру арқылы қылмыстық әрекетпен айналысқан бірқатар алаяқтарды әшкереледі.

Қаржы полициясы органдары қылмыстық жауаптылыққа жалған бизнесмендер мен алаяқ-кәсіпкерлерді тарту фактілері де кездеседі.

Мемлекет мүдделеріне алаяқтардың келтірген залалы айтарлықтай. Осындай фактілердің көпшілігі мемлекеттік сатып алу саласында тіркелген.

Сонымен бірге әлеуметтік төлем ретінде бөлінген бюджет қаражатын ұрлау оқиғалары да тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны