20.05.2009, 13:06 1329

Ағымдағы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдары алаяқтық фактілері бойынша 826 қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдары алаяқтық фактілері бойынша 826 қылмыстық іс қозғады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 3 айында қаржы полициясы органдары алаяқтық фактілері бойынша 826 (былтыр - 745) қылмыстық іс қозғады, бұл былтырғы жылдың осы кезең көрсеткіштерінен 10%-ға артық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қозғалған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 1 млрд 329 млн теңгені құрады, оның 920 млн теңгесі өтелді",- деді М.Жұманбай.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, алаяқтық фактілерінің басым бөлігін тұрғын үй бойынша жасалатын айла-шарғылар құрайды, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны