27.05.2009, 14:53 3303

Ағымдағы жылдың 4 айында қаржы полициясы 584 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады

Ағымдағы жылдың 4 айында қаржы полициясы 584 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 4 айында қаржы полициясы 584 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 4 айында қаржы полициясы органдары 584 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтады, яғни, бұл - барлық құқық қорғау органдары анықтаған осы санаттағы қылмыстардың 76%-ын (562) құрайды. Сотқа 407 қылмыстық іс жіберілді. Бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 17,6%-ға артық.

295 мемлекеттік қызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясының мәліметінше, сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша залалды өндіру 58,9%-ды құрады. Яғни, анықталған 461 млн 400 мың теңге залалдың қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 271 млн 600 мың теңгесі өндірілді, 115 млн теңгеге тыйым салынды.

"Бұл санаттағы қылмыстардың басым бөлігін анықталуы 7,3%-ға артқан парақорлық фактілері құрайды (147 факт 137-ге қарсы). Айта кету керек, оның өсімі қауіпті нысандары - пара алу (77 факт 2008 жылдағы 71-ге қарсы) және пара беру (67 2008 жылдағы 59-ға қарсы) бойынша жүзеге асқан",- деді М.Жұманбай.

Мәселен, оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында Арал-Сырдария бассейні басқармасының балық инспекциясы бөлімінің бастығы сотқа тапсырылды. Ол ЖШС директорынан балық аулау жұмыстары бойынша қамқорлығы үшін 650 мың теңге пара алған. Айыпты қамауға алынды.

Ал Маңғыстау облысында түзеу мекемесінің бастығы қамауға алынды. Ол жұмысқа тұрғызғаны үшін сотталған адамнан 75 мың теңге пара алған. Іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, Солтүстік-Қазақстан облысында Петропавловск қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қамауға алынды. Ол қызметте қамқорлық жасағаны үшін қалалық мәдениет үйінің директорынан 80 мың теңге пара алған. Тергеу жалғасуда

М.Жұманбайдың айтуынша, Ақмола облысында 190 мың теңге пара алу үстінде Иділет департаментінің зияткерлік құқықтарды қорғау бөлімінің бастығы ұсталды. Ол параны С. деген азаматтан әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлық үшін алған. Шенеунікті ұстағаннан кейін қаржы полициясына айыптыға ай сайын алым төлеп тұрған тағы екі азамат жүгінді, деді ол.

Ресми өкілдің түсіндіруінше, 2007 жылы Ел басының тапсырмасымен пара алғандармен қатар пара берушілер үшін де жауаптылық ауырлатылды.

Осылай, Оңтүстік-Қазақстан облысында Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қамауға алынды. Ол Қаржылық бақылау агенттігінің бас инспекторына тексеріс актісінде анықталған заң бұзушылықтарды көрсетпеуі үшін 5000 АҚШ долларын пара ретінде берген. Тергеу жалғасуда.

"Атырау облысында 1 жыл бас бостандығынан айыруға Мақат аудандық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің бас маманы Ж. Елубаева сотталды. Ол қаржы полициясы инспекторына жалған диплом қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтан бұлтару мақсатында 200 мың теңге пара берген",- деді ресми өкіл.

Парақорлыққа делдал болған тұлғалар да қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Ағымдағы жылы осындай 3 факт анықталды.

Мәселен, Оңтүстік-Қазақстан облысында 6 ай бас бостандығынан айыруға С.Бердәулетов сотталды. Ол Арыс қаласының Иділет департаменті бастығының орынбасары О. Тұрсынбековке А. деген азаматшадан оның үш баласының туу туралы куәліктерін тіркеу және алып беруі үшін 15 мың теңге пара алуына делдал болған.

Сондай-ақ, қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану салдарынан мемлекетке миллиондаған сомаға залал келтіру фактілері бойынша 112 қылмыс анықталды, деді ресми өкіл.

"Оңтүстік-Қазақстан облысында Созақ ауданы әкімшілігінің тұрғын үй шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы бастығы сотқа тапсырылды. Ол конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра жоспарлық-сметалық құжаттамасыз Шолаққорған ауылының көшелерін электрлендіру бойынша конкурсты өткізіп, "Южказэнергоремонт" ЖШС 20 млн.теңгені заңсыз аударған",- деді қаржы полициясының өкілі.

Шығыс-Қазақстан облысында облыс әкімі аппаратының жетекшісі қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Ол жалған құжаттар арқылы төмен бағамен мемлекеттік тұрғын үйді сатып, мемлекетке 5,5 млн теңге залал келтірді.

"Батыс-Қазақстан облысында Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты 16 эпизодты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокурорға жіберілді. Ол тексеру процедурасын өткізбей мемлекет пен азаматтардың жер учаскелерін заңсыз иемденген және кейін комиссияның жалған шешімдері арқылы басқа тұлғалардың атына заңдастырып отырған",- деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны