27.05.2009, 14:59 3062

Ағымдағы жылдың 4 айында заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырудың 6 фактісі анықталды

Ағымдағы жылдың 4 айында заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырудың 6 фактісі анықталды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың 4 айында заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырудың 6 фактісі анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 4 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар қатарына жатқызылған заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырудың 6 фактісі анықталды. Мәселен, Батыс-Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 39 эпизодты қылмыстық іс сотта қаралуда. Орал қалалық жер қатынастар бөлімінің бас маманы, Зашаған ауыл округы әкімшілігінің маманы және К. деген азаматтан тұрған қылмыстық топ заңдастыру арқылы жер учаскелеріне деген меншік құқығын заңсыз иемденіп және кейін оларды сатып отырған",- деді М.Жұманбай.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Қарағанды облысында ауыл шаруашылық департаментінің бұрынғы бастығы мен оның сыбайласына қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды. "Олар "КТ АК Булак" ЖШС жарғылық қорына аудару арқылы заңсыз жолмен табылған 100 млн теңгені заңдастырған. Қылмысты ұйымдастырушы іздеуге жарияланды, ал оның сыбайласына қатысты қылмыстық іс 3 эпизод бойынша сотқа жіберілді",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны