02.09.2009, 14:18 2914

Ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік сатып алулар бойынша залал сомасы 1 млрд 825 млн теңгені құрады

Ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік сатып алулар бойынша залал сомасы 1 млрд 825 млн теңгені құрады

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 7 айында мемлекеттік сатып алулар бойынша залал сомасы 1 млрд 825 млн теңгені құрады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 7 айында қаржы полициясы органдары мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық қылмыс фактілері бойынша 256 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткішінен 39%-ға артық",- деді М.Жұманбай.

"Бұл санаттағы 104 қылмыстық іс сотқа жіберілді, 22 адам сотталды.Анықталған залал сомасы 1 млрд 825 млн теңгені құрады, оның 398 млн теңгесі өтелді",- деді ол.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу практикасы көрсеткендей, мемлекеттік сатып алу саласындағы жемқорлық қылмыстардың басым бөлігін мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қызмет бабын пайдаланып жасаған бюджет қаражатын ұрлау фактілері құрайды.

Аталған саладағы ақша қаражатын ұрлаудың ең жиі қолданатын әдісі - өзі немесе басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында орындалған жұмыстарды қабылдаудың актілерін жасау және оларға қол қою кезінде жұмыстардың көлемін арттыру немесе шын мәнінде орындалмаған жұмыстардың актісіне қол қою.

Мемлекеттік сатып алулар кезінде лауазымды тұлғалардың пара алуы кең тараған сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылады.

Сонымен бірге әлеуметтік сала үшін мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде де жемқорлық қылмыстар орын алуда.

Мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстар мемлекетке көп миллиондық соммаға залал келтіруде.

Лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және олардың мемлекеттік сатып алулар кезінде жеке кәсіпорындарға қамқорлық жасау фактілері кең тараған.

Тексерістер жүргізуге уәкілетті бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы бұзушылықтарды жасыру фактілері анықталып отыр, деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны