23.09.2009, 13:06 1548

Ағымдағы жылдың 8 айында қаржы полициясы органдары жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 403 қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылдың 8 айында қаржы полициясы органдары жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 403 қылмыстық іс қозғады

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 8 айында қаржы полициясы органдары жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша 403 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткішінен 36%-ға артық. 145 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 11 млрд 480 млн теңгені құрады, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде оның 3 млрд 710 млн теңгесі өтелді",- деп хабарлайды М.Жұманбай.

Оның айтуынша, "қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, жалған кәсіпорындарды құрудың басты мақсаты болып салық төлеуден жалтару табылады. Басқа коммерциялық ұйымдарға салық төлеуден жалтаруға көмектесу жалған кәсіпорындарды құрудың тағы бір мақсаты болып табылады. Қаржы полициясы органдарымен қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға ауыстыру үшін құрылған жалған кәсіпорындар көптеп анықталды. Жалған кәсіпорындардың алдамшы мәмілелер жасауы салық төлеуден жалтарудың тағы бір әдісі болып табылады. Идетте, жалған кәсіпорындар өзге тұлғалардың атына тіркеледі, тіпті қайтыс болған адамдардың атына да. Салық төлеуден жалтарудан басқа жалған кәсіпкерлік барысында басқа да қылмыстар жасалады".

Агенттіктің хабарлауынща, 2007 жылы агенттіктің бастамасымен жалған кәсіпкерлік үшін жауаптылық қатаңдатылды. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 192-ші бабы ауырлататын мән-жайлар үшін жауаптылықты орнататын 2 және 3 бөліктермен толықтырылып, қылмыстың бұл түрі ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. Осылайша, жалған кәсіпорындар құрғаны үшін ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны