11.11.2009, 16:52 3357

Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары салық төлеуден жалтару деректері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары салық төлеуден жалтару деректері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады

Астана. 11 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары салық төлеуден жалтару деректері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары салық төлеуден жалтару деректері бойынша 689 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткішінен 17%-ға артық. 390 қылмыстық іс сотқа жіберілді",- деді ол.

М.Жұманбайдың мәліметінше, өндіріспен аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залал мөлшері 41%-ға артып, 33 млрд. 356,5 млн теңгені құрады, оның 16 млрд 106,5 млн теңгесі өтелді. Жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен жалпы сомасы 11 млрд 700 млн теңге салық қайта есептелініп алынды. Залалды одан әрі өтеу мақсатында айыпталушылардың 192,5 млн теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

Салықтық қылмыстардың басым бөлігін ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтару фактілері құрайды. Бұндай фактілер бойынша 9 айда 565 қылмыстық іс қозғалды, деді ресми өкіл.

Салық декларациясына табыстар мен шығындар туралы жалған мәлімет енгізу салық төлеуден жалтарудың басты әдісі болып отыр. Көп жағдайда қылмыскерлер табыс бөлігін азайту мақсатында жалған мәмілелер бойынша жалған есептерді көрсетеді.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжіибесі көрсеткендей, салық төлеуден жалтарумен байланысты негізгі залал жалған кәсіпорындардың қызметінен болады.

Идетте, жалған кәсіпорындар салық төлеуден жалтаруға қажет қызмет көрсету үшін құрылады. Жалған кәсіпорындармен жалған мәмілелер жасау қылмыскерлерге нақты табыстарын жасырып, салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік береді. Негізінен бұндай қылмыстарды адамдар тобы, тіпті, ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайды. Жалған кәсіпорындардың жалған құжаттар мен мөрлер қолдану фактілері кең тараған.

Салық төлеуден жалтарудың тағы бір кең тараған әдісі болып ұйымның қыржылық қызметін құжаттамау табылады. Қасақана банкроттылық арқылы салық тқлеуден жалтару фактілері анықталды. Мемлекетке айтарлықтай залалды азаматтардың салық төлеуден жалтару фактілері келтіруде, 9 айда бұндай 124 қылмыс анықталды, деді М.Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны