14.10.2009, 15:14 3734

Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары жалған ақша жасау және сату деректері бойынша 102 қылмыстық іс қозғады

Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары жалған ақша жасау және сату деректері бойынша 102 қылмыстық іс қозғады

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары жалған ақша жасау және сату деректері бойынша 102 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары бұндай фактілер бойынша 102 қылмыстық іс қозғады. Сотқа 42 қылмыстық іс жіберілді.

Жылдың басынан 7,9 млн.теңге көлеміндегі жалған ақша банкноттары тәркіленді, бұл өткен жылдың осы кезең көрсеткішінен 83,5%-ға артық",- деді ресми өкіл. Оған қоса, оның айтуынша, 21 мың жалған АҚШ доллары алынды, бұл да өткен жыл көрсеткішінен 91%-ға артық.

Қаржы полициясы органдарының тәжірибесі көрсеткендей, жалған ақша сауда және қызмет көрсету нүктелерінде жалпы ақшаның арасында табылады. Сол себепті жалған ақшаны жасаушы тұлғаларды анықтау әрқашан мүмкін бола бермейді. Алайда бұл жағдайға қарамастан, қаржы полициясы органдары жалған ақшаны сатушылармен қатар оларды жасаушыларды анықтауға бағытталған жұмысты жүргізуде.

"Алматы қаласында жалған теңге және АҚШ долларларын ірі көлемде сатумен айналысқан жалған ақша жасаушылар тобының қылмыстық қызметі әшкереленді.

Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсеткендей, қылмыскерелер жалған ақша жасау үшін жаңа үлгідегі компьютерлік техниканы, арнайы қағаз бен сапалы бояуларды қолданады. Осының арқасында олар жоғары қорғаныс дәрежесіне қарасмастан ірі номиналды банкноттарды жасауды меңгеруде. Тәркіленген барлық купюралардың 44%-ын құны 10 мың теңгелік банкноттар құрады",- деді М.Жұманбай.

Қаржы полициясының мәліметінше, жалған ақшаның заңсыз айналымынан алынған банкноттардың 27%-ын жалған 2 мың теңгеліктер құрады. Қылмыскерлер арасында оларды жасау да кең тараған. Жалған ақша жасаушылардың ақша белгілерін қолдан жасау кезінде қарапайым компьютерлік техника мен әдеттегі офистік қағазды қолдану фактілері де жиі кездеседі.

"Қылмыстық заңнамаға сәйкес жалған ақша жасау және сату үшін ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 15 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған",- деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны