27.01.2012, 12:13 3166

Ағымдағы жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы тек электронды түрде берілуі керек

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталған Мемлекет басшысының пайымынша, бұл мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты халықтың сенімін күшейтудегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы маңызды аспект болып табылады.

Астана. 27-қаңтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы тек электронды түрде берілуі керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында мәлім етті.

Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселесіне кеңінен тоқталған Мемлекет басшысының пайымынша, бұл мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты халықтың сенімін күшейтудегі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудағы маңызды аспект болып табылады.

"Электронды үкіметті дамыту қажет. 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер, оның ішінде лицензияның барлық түрлерінің 60 пайызы тек қана электронды үлгіде берілуі тиіс", - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар ҚР Президенті 2013 жылдан бастап мемлекет тарапынан берілетін барлық рұқсат беру қағаздарын Қазақстан халқы электрондық үлгіде және халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуы керектігін баса айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны