22.04.2010, 17:28 3054

Ағымдағы жылдың І тоқсанында 4 млрд теңгеге жуық жалақы бойынша қарыздар өтелді

Ағымдағы жылдың І тоқсанында 4 млрд теңгеге жуық жалақы бойынша қарыздар өтелді

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың І тоқсанында прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 4 млрд теңгеге жуық сома көлемінде 45 мың қызметкерге жалақы бойынша қарыздары өтелді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, прокуратура органдары жалақыны уақытылы төлемеуге байланысты мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.

"Ағымдағы жылдың І тоқсанында прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде 4 млрд теңгеге жуық сома көлемінде 45 мың қызметкерге жалақы бойынша қарыздары өтелді. Мысалы, Алматы қаласындағы "Қазақстанкаспийшельф" ақционерлік қоғамы прокурордың ұйғарымы бойынша 150 млн. теңге, Маңғыстау облысындағы "Жөндеу" ЖШС 124 млн. теңге, Солтүстік Қазақстан облысындағы "БИОХИМ" компаниясы" ақционерлік қоғамы 30 млн. теңге жалақы бойынша берешектерін жапты",- деді Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны