03.07.2013, 13:42 4155

Ағымдағы жылдың соңына дейін ТДЖҰА инновациялық жобалар бойынша сараптамалық базаны арттыруды жоспарлауда

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ағымдағы жылдың соңына дейін жобаларды инновациялық сүйемелдеу бойынша тәуелсіз сарапшылардың санын шамамен 2 есеге арттыруға ниетті, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ төрағасы Айдын Кульсеитов даму институтының 10-жылдығына арналған баспасөз конференциясында.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың соңына дейін ТДЖҰА инновациялық жобалар бойынша сараптамалық базаны арттыруды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ағымдағы жылдың соңына дейін жобаларды инновациялық сүйемелдеу бойынша тәуелсіз сарапшылардың санын шамамен 2 есеге арттыруға ниетті, деп хабарлады "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ төрағасы Айдын Кульсеитов даму институтының 10-жылдығына арналған баспасөз конференциясында.

"Біздің базада қазіргі таңда шамамен 237 сарапшы бар, олардың 60-тан астамы жақын және алыс шетелден. Жылдың соңына дейін олардың санын 500-ге дейін жеткіземіз деген үміттеміз", - деді А.Кульсеитов.

Сонымен қатар, ол инженерлерді оқыту және жобаларды жүргізу үшін жеке мамандарды даярлау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оған қоса, технологиялық бизнес-инкубациялау шеңберінде 96 бастаушы инновациялық кәсіпорынға 681 млн теңгеге қызмет көрсеткен шамамен 9 технопарк жұмыс жасайды.

Бұдан өзге, жобаны одан әрі коммерциялау үшін тұжырымдаманың негіздемесінде жаңашылдарға көмек көрсететін коммерциялаудың 21 офисі жұмыс жасайды.

Осылайша, 2011-12 жылдары шамамен 121 тұжырымдама негіздемесі әзірленген, олардың 27 жобасы одан әрі коммерциялауға кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны