12.04.2018, 18:48 6668

Ағымдағы жылы 33 мыӊ алматылық тұрғын әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі

Жаӊа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (әлеуметтік төлемдердіӊ үш түрі біріккен: көпбалалы жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек) шартсыз және шартты қаржылай көмек деп екіге бөлінеді

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы 33 мыӊ алматылық тұрғын әлеуметтік көмек түрлерімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында?Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыныӊ басшысы Мейіржан Батырбекұлы?мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мейіржан Батырбекұлыныӊ ақпаратынша, Президенттіӊ өткен жылғы Жолдауында жаӊа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу туралы тапсырмасын есепке ала отырып, ағымдағы жылы 2018 жылғы ҚР Президентініӊ Жолдауын жүзеге асыру бойынша еӊ төмен күнкөріс деӊгейінен 50%-ға дейін ұлғайтумен аз қамтылған азаматтарға жаӊа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары басталды.

Жаӊа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (әлеуметтік төлемдердіӊ үш түрі біріккен: көпбалалы жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы; 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек) шартсыз және шартты қаржылай көмек деп екіге бөлінеді.

Шартсыз қаржылай көмекті жанұясында еӊбекке жарамды тұлғалар жоқ жанұялар немесе жанұя мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтындар алады.

Шартты қаржылай көмекті жанұя мүшелерініӊ жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талабы қойылғандар алады.

2018 ж. 12,5 мыӊ аз қамтылғандарды қамту жоспарлануда, бұл мақсаттарға 546,7 млн. теӊге бөлінген.

2017 жылы барлығы әлеуметтік көмек түрлерімен 27 мыӊнан астам адам 818 млн.теӊге сомасында қамтылған. 2018 жылы 1 270,9 млн. теӊге сомасында 33 мыӊ адамды қамту көзделді.

Қазіргі кезде коммуналды қызмет шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмекті келесі категориялар алады:

o тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтылғандар (2200 адам, 32 млн. теӊге);

o ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 5,5 АЕК көлемінде (313 адам, 49,6 млн. теӊге).

Өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда келесі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:

o атаулы әлеуметтік көмек (12,5 мыӊ. адам, 546,7 млн. теӊге);

o мүгедек балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу (500 адам, 32,5 млн. теӊге);

o жергілікті уәкілетті орган шешімімен ай сайынғы, жарты жылда бір рет берілетін, бірыӊғай әлеуметтік көмек (12,9 мыӊ адам, 414,3 млн.теӊге).

ҰОС қатысушыларыныӊ және мүгедектерініӊ естелік күніне әлеуметтік төлемдер:

o Жеӊіс күніне (4430 адам, 184,5 млн. теӊге);

сонымен қатар 1986 ж. желтоқсан оқиғаларыныӊ ақтап шығарылған қатысушыларына:

o ҚР Тәуелсіздік күніне (237 адам, 7,1 млн. теӊге).

2017 жылы бірінші рет мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектерді алушылар қайтарымсыз телевизиялық абоненттік құрылғылармен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Аталған қызметтерді сомасы 560 мыӊ теӊгені құрайтын 51 адам қолданды, - деп хабарлады?Мейіржан Батырбекұлы? өз сөзінде.?

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны