16.07.2012, 13:27 2919

Ағымдағы жылы әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаға түгендеу жүргізіледі

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулы жобасын таныстырған ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаға түгендеу жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулы жобасын таныстырған ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Іс-шаралар жоспарын іске асырудың нәтижесінде биылғы жылдың өзінде әлеуметтік саладағы ұлттық заңнамаға түгендеу жүргізіледі. Оның негізінде әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес Илеуметтік заңнаманы реформалаудың тұжырымдамасы әзірленеді.

"Электронды форматта мемлекеттік қызметтер көрсету туралы" ҚР Заңы, "Ақпаратты Қазақстан - 2030" мемлекеттік бағдарламасы дайындалады", - деді министр.

Б.Сағынтаевтың атап өтуінше, сонымен қатар әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шарттарды орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

"Келесі жылы 2030 жылға дейінгі ҚР-ның әлеуметтік дамуының Жалпыұлттық тұжырымдамасы, 2016 жылға дейінгі әлеуметтік жаңғыртудың жалпыұлттық жоспары әзірленеді. Минималды әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерді енгізу бойынша ұсыныстар енгізіліп, өзін өзі еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесі жетілдіріледі. 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеу жоспары дайындалатын болады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны