10.06.2009, 14:43 1750

Ағымдағы жылы авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 41 млн астам теңгенің залалы келтірілді

Ағымдағы жылы авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 41 млн астам теңгенің залалы келтірілді

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылы авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 41 млн астам теңгенің залалы келтірілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Ағымдағы жылдың 4 айында авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу фактілері бойынша 175 қылмыстық іс қозғалды, 107 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Олар бойынша келтірілген залал сомасы 41,5 млн теңгені құрады",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясы органдарының жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, дискілік тасымалдаушыларда жазылған аудио-видео өнім авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзудың негізгі нысаны болып отыр. Қылмыстық істердің көпшілігі осындай заңсыз өнімдерді дайындау және сату мақсатында сақтау бойынша қозғалған, деді М.Жұманбай.

Мәселен, оның айтуынша, Оңтүстік-Қазақстан облысында А. Набиев 2 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды. Ол 501 дана DVD, VСD, СD дискілерін заңсыз дайындап, өткізу мақсатында сақтау арқылы "STAR VIDEO", "Гамма Видео" және "Видео-Аудио-Меломан" ЖШС-не тиісті зияткерлік құқықтарды бұзған. Құқық иелеріне келтірілген залал 1 млн 300 мың теңгені құрады.

Осы облыста ұқсас қылмыс жасағаны үшін А. Байжанов 2 жылға бас бостандығынан шартты түрде айыруға сотталды. Оның заңсыз іс-әрекеттерімен құқық иелеріне 1 млн 400 мың теңге залал келтірілді.

Сондай-ақ, тағы да осында М. деген азамат сотқа тапсырылды. Ол 12 мың дана контрафактілік дискілерді заңсыз дайындаған және өткізу мақсатында сақтаған. Құқық иелеріне 21 млн 700 мың теңге залал келтірілген.

Зияткерлік құқықтарды бұзу үшін қылмыстық заңнамамен ең ауыр жаза ретінде мүлікті тәркілеумен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны