01.06.2009, 15:40 2428

Ағымдағы жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулағаны үшін 32 Ресей және Изербайжан азаматы ұсталды

Ағымдағы жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулағаны үшін 32 Ресей және Изербайжан азаматы ұсталды

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Ағымдағы жылы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде заңсыз балық аулағаны үшін 32 Ресей және Изербайжан азаматы мен 7 жүзу құралы ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Олардан 800 кг астам заңсыз аулаған балық, оның ішінде 330 кг бекіре тұқымдас, 40 аулау құралы тәркіленді",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, көрсетілген кезеңде Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 26,5 тонна балық, оның ішінде екі тоннадан астам бекіре тұқымдас балық, 453 аулау құралы, 13 жүзу құралы тәркіленді.

Заңсыз балық аулау, балық пен балық өнімдерін сатып алу немесе сату фактілері бойынша 60 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 37 сотқа жолданды, 173 әкімшілік хаттама толтырылды, 570 мың теңге айыппұл өндіріп алынды. "Браконьерлік фактілері бойынша келтірілген шығын 6,3 млн теңгені құрады.

Осы операцияда балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе сату, тасымалдау фактілерін анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөлінді. Осылайша 21,5 тонна, оның ішінде бір тоннадан астам бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдаған 60 автокөлік құралы ұсталды",- деді Қ.Жұманов.

Мысалы, Атырау облысы ІІД-нің полиция қызметкерлері "Атырау-Орал" тас жолында тиісті құжатсыз үш тонна балық тиелген Атырау қаласы тұрғынының басқаруындағы "ГАЗ" автомашинасын ұстады.

Сонымен қатар Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД ағымдағы жылдың сәуірі - мамырында балық қорғау органдарымен бірлесіп, Орал - Сырдария, Балқаш - Іле, Зайсан - Ертіс бассейнінде және республиканың басқада су қоймаларында, балықтың улдырық шашу кезеңінде браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Осылайша көрсетілген өңірлерде бір мыңнан астам заңсыз балық аулау мен балықты құжатсыз тасымалдау фактілері анықталды. 13 қылмыстық іс қозғалды, 992 әкімшілік хаттама толтырылды, 3 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. 7,5 тонна балық, 849 аулау құралы, 66 жүзу құралы тәркіленді. Осы өңірлерден браконьерлік фактілер бойынша келтірілген шығын 3,3 млн теңгені құрады.

"Ішкі істер министрлігі, балық ресурстарына қылмыстық қол сұғушылықтармен байланысты жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 10 сәуірі - 1 маусымы аралығында Орал - Каспий аумағында балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымы және браконьерлік фактілерін анықтауға жолын кесуге бағытталған "Бекіре" жедел - профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Іс-шаралар балық қорғау және шекара қызметі органдарымен өзара іс-қимылының негізінде өткізілді",- деді ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны