21.02.2014, 19:25 10286

Ағымдағы жылы Универсиада нысандарының құрылысы басталады - А.Есімов

"Осы спорттық кең ауықымды шараның аясында 12 мың орынға арналған мұз айдыны сарайы, сыйымдылығы 3 мың көрерменді құрайтын мұз айдыны, 5 мың орынға арналған атлетикалық ауыл салынады", - деді қала басшысы.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Алматы қаласында ағымдағы жылы сметалық құжатнама жұмысы аяқталып, енді Универсиада нысадарының құрылысы басталады.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың хабарлауынша, 2014 жыл - 2017 жылы өтетін Универсиадаға белсенді дайындық жылы.

"Осы спорттық кең ауықымды шараның аясында 12 мың орынға арналған мұз айдыны сарайы, сыйымдылығы 3 мың көрерменді құрайтын мұз айдыны, 5 мың орынға арналған атлетикалық ауыл салынады", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша оған қажетті қаржы жеткілікті.

"Бұл нысандар 2016 жылы алдын-ала жарыстар өткізу үшін салынып бітуі тиіс. Бүгінгі таңдап халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып аталмыш нысандарды жарыс біткен соң тиімді пайдалану жолдары қарастырылуда. Олар қала тұрғындары үшін қолжетімді, әрі олардың денсаулығын нығайту және бұқаралық спортты дамыту үшін септігін тигізуі керек", - деп А. Есімов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны