25.09.2017, 15:24 5973

Аграрлық ғылымды дамыту үшін ғылыми зерттеу институттарыныӊ кадрлық саясатын жаӊарту керек - А.Мырзахметов

Мамандардыӊ жасыныӊ ұлғаюы, ғалымдардыӊ басқа салаға ауысуы, жастардыӊ ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымыныӊ деӊгейі төмендеп отыр. Мысалы, соӊғы 10 жылда ауыл шаруашылығы ғылыммен айналысатын мамандардыӊ саны 8%-ға төмендеді, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардыӊ орташа жасы - 57 жас, бас ғылыми қызметкерлердіӊ орташа жасы - 65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердіӊ- 54 жас, кіші ғылыми қызметкер - 30 жас болып табылады.

Астана. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде 23 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтыӊ қатысуымен жиналыс өтті.

Жиынға барлық ғылыми зерттеу институттарыныӊ өкілдері, ғалымдар, республикалық аграрлық оқу орындарыныӊ басшылары, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Алғаш рет диалогтық форматта өткен кеӊесте аграрлық ғылымныӊ ауыл шаруашлығы өндірісімен сәйкессіздігі, трендтерден кеш қалып келе жатқандығы ашық және өткір айтылды. Сонымен бірге, аграрлық ғылымныӊ жағдайын түбегейлі жақсартудыӊ жолдары талқыланды.

Қазіргі таӊда аграрлық ғылымныӊ әлеуеті төмен, ауыл шаруашылығы саласы бойынша озық технологиялар мен инновациялардыӊ үлесі аз екенін айта кеткен жөн.

Мамандардыӊ жасыныӊ ұлғаюы, ғалымдардыӊ басқа салаға ауысуы, жастардыӊ ғылымға қызықпауынан ауыл шаруашылығы ғылымыныӊ деӊгейі төмендеп отыр.

Мысалы, соӊғы 10 жылда ауыл шаруашылығы ғылыммен айналысатын мамандардыӊ саны 8%-ға төмендеді, ғылыми дәрежесі бар ғалымдардыӊ орташа жасы - 57 жас, бас ғылыми қызметкерлердіӊ орташа жасы - 65 жас, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердіӊ- 54 жас, кіші ғылыми қызметкер - 30 жас болып табылады. Зейнеткерлік жасындағы ғалымдар 15% құрап отыр. Экономиканыӊ басқа секторымен салыстырғанда, ғалымдардыӊ орташа жалақы мөлшері біршама төмен.

Ал халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бизнес-қауымдастық өкілдері тарапынан ғылымды қаржыландыру үлесі Люксембургте - 80%, Жапония мен Германияда - 70 %, в Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ-та - 65%, Францияда - 54 % құрайды. Ал бұл көрсеткіш біздіӊ елімізде небәрі 5% құрап отыр.

Жиналыс барысында Ведомства басшысы ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелі шаруашылықтардыӊ үлесінде 159 мыӊ га. жер бар екенін, сол жерлерді тиімді пайдаланса, мемлекеттік бюджетті есептемегенде қосымша 10 млрд. теӊге көлемінде табыс табуға болатынын айтып өтті.

Сонымен қатар, аграрлық сектордыӊ дамуыныӊ бір көрсеткіші - жоғары білімді кадр даярлау.

Қазіргі таӊда ауылда маман тапшы. Жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен бітірген түлектердіӊ 50% ғана ауылды жерлерде жұмыс жасайды.

Еӊбек нарығыныӊ бір талабы - өндіріске инновациялық технологияларды енгізетін, ойы жүйрік заман талабына сай бірнеше тіл білетін мамандар.

Тәуелсіздік алған 25 жылда ауыл шаруашылығы саласы бойынша "Болашақ" бағдарламасы арқылы тек 70 жас маман білім алып, өздерініӊ біліктіліктерін арттырған.

ҚР Премьер министрініӊ орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов: "Не үшін жұмыс істеу керек екенімізді ойланатын нақты мақсат бар. Меніӊше, ғылымныӊ, оныӊ ішінде агроғылымныӊ дамуына кедергі келтіріп отырған бірден бір жайт - ол мәселені шешудегі жүйесіздік. Аграрлық ғылымды дамыту үшін, біріншіден ғылыми зерттеу институттарыныӊ кадрлық саясатын жаӊарту керек. Екіншіден, Қаржыландырудыӊ басқа көздері арқылы жаӊа өндіру механизмдерін жетілдіру. Үшіншіден, зерттеу институттарын жаӊалау. Төртіншіден өндірісте сұранысқа ие ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға нақты бағалау жүйесін енгізу.

Жиын қорытындысында Жол картасын іске асыру бағытында кадр саясаты жүйесін жетілдіру мен "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандар дайындауды және әлемніӊ жетекші университеттерінен ғалымдардыӊ тәжірибеден өту жүйесін жетілдіру туралы тапсырма берілді.

Сонымен бірге Премьер-Министр А.Мырзахметов Қазақ Ұлттық аграрлық университеті базасындағы Агротехнологиялық хаб жұмысымен танысты. Агрохаб агроғылым, білім және өндірістіӊ өзара әрекет алаӊы ретінде 2016 жылы құрылған болатын.

Агрохабтыӊ құрамына Қазақ-Жапон инновациялық орталығы, Су, Агроинженерлік мәселелер және энергия үнемдеу, Қазақ-Корей, Тұрақты егін шаруашылығы, Азық-түлік технологиясы және сапа орталықтары, Инновациялық жылыжай, "Агроуниверситет" оқу-тәжірибе шаруашылығы, Қазақстан-Беларусь агроинженерлік инновациялық орталығы кіреді.

Хаб университеттіӊ діӊгегі бола отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі көмегімен қысқа мерзім аралығында агробизнеске инновациялық идеялар мен технологияларды, стартап-жобаларды тартады. Сол арқылы жалпы республиканыӊ ауыл шаруашылығы саласыныӊ бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болады.

"Бүгінгі күнгі табысты жұмысымыздыӊ бірі Қазақ ұлттық аграрлық университетіндегі АӨК саласындағы Агрохаб болып табылады. Трансфертті технологиялар жобаларын дамыту АӨК үшін маӊызды. Көріп отырғанымыздай Агрохаб мықты ұжым мен әдістемесі бар және американдық ақпарат және технология орталығыныӊ басшыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып отыр" - деді Министр.

Сонымен қатар, А.Мырзахметов жұмыс сапары барысында Азия даму банкініӊ Қазақстандағы өкілі басшысы Джиованни Капаннеллимен кездесті. Кездесу барысында су ресурстарын басқару орталығын құру мәселелері талқыланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылым мен өндірісті байланыстыра жұмыс істеуді қолға алғанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердіӊ санын өсірумен қатар, шаруаларға аз шығын шығару арқылы инновациялық технологияларды 10% дан 25%-ға көтеру көзделіп отыр, деп хабарлайды ҚР АШМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны