14.02.2018, 12:34 5829

АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржылық нарықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті және Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржы нарықтары және капитал нарықтары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астана. 14 ақпан. Kazakhstan Today - АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті мен Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржылық нарықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге келді

АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті және Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы қаржы нарықтары және капитал нарықтары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа АХҚО Қаржылық қызметтерді көрсетуді реттеу жөніндегі комитетініӊ (бұдан әрі - АФСА) Бас директоры Стивен Глинн (Stephen Glynn) мырза және Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясыныӊ (бұдан әрі - CSRC) Төрағасы Лю Шиюй мырза (Liu Shiyu) қол қойды.

Бұл АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетініӊ халықаралық реттеушімен қол қойған тұӊғыш меморандумы. Аталмыш құжат екі реттеуші органныӊ өзара әрекеттесу және бағалы қағаздарды реттеу бойынша ақпарат алмасу ниетін бекітеді. CSRC реттеу жөніндегі ақпарат алмасуға белсене қатысуда және 1992 жылы қазан айында құрылған күнінен бастап шетелдік серіктестерімен ынтымақтастықта қызмет етіп келеді.

"Қытайдыӊ Бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы АХҚО-ныӊ маӊызды серіктесі болып табылады. АХҚО CSRC қолдауымен Шанхай қор биржасымен әрекеттесуде. Бүгінгі екі реттеуші арасындағы Меморандумға қол қойылуы "Бір белдеу, бір жол" бастамасыныӊ дамуына өз үлесін қосатынына сенемін", - деді АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Анықтама ретінде: АХҚО. 2015 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заӊға қол қойды. АХҚО-ныӊ мақсаты қаржылық қызметтерді көрсететін халықаралық деӊгейдегі жетекші орталық қалыптастыру болып табылады. Посткеӊестік кеӊістікте тұӊғыш рет ағылшын құқығыныӊ қағидаттары енгізіледі, қаржы орталығыныӊ ресми тілі - ағылшын тілі болады.

АХҚО-ныӊ міндеттері қаржылық қызметтер саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасыныӊ бағалы қағаздар нарығын дамыту, оныӊ халықаралық капитал нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету. АХҚО сондай-ақ елімізде сақтандыру, банк қызметтері мен исламдық қаржыландыру нарығын дамытуға ниеттенеді.

www.aifc.kz

"Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (АФСА). АХҚО-ныӊ тәуелсіз реттегіші, заӊды тұлға және қаржылық қызметтер көрсетуді және "Астана" халықаралық қаржы орталығындағы олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Конституциялық Заӊға сәйкес құрылған Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік құрылымы болып табылады. Осылайша, АФСА қаржылық компаниялардыӊ және нарықтық мекемелердіӊ рұқсаттамасын, тіркелуін, расталуын және оларды бақылауды қарастыратын АХҚО-ныӊ қағидалары мен ережелерін реттейді.

Толығырақ www.aifc.kz сайтында.

Қытайдыӊ бағалы қағаздарды реттеу жөніндегі комиссиясы (China Securities Regulatory Commission) тікелей Мемлекеттік кеӊес жанындағы мемлекеттік мекеме, заӊдар мен қағидаларға сәйкес бірыӊғай реттеуші қызметті атқарады. Толығырақ: http://www.csrc.gov.cn/pub/csrc_en/ сайтында берілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны