05.10.2012, 13:09 2973

Ахметов Қазақстан президентіне 2013 - 2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы туралы мәлімдеді

С.Ахметов Қазақстан Президентіне 2013 - 2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы мен Үкіметтің таяу кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.

Астана. 5-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Ахметов Қазақстан Президентіне 2013 - 2015 жылдарға арналған үш жылдық бюджет жобасын әзірлеу барысы мен Үкіметтің таяу кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жиын-терін науқанының аяқталуы және жылу беру маусымына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Үкімет толықтай құрылып болып, белсенділікпен жұмысқа кіріскенін атап өтті.

"Ирбір министр өзіне қандай міндеттер жүктелгенін біледі. Қызметтің барлық бағыты бойынша жұмысты жандандырып, биылғы жылды жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен аяқтау қажет", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанының аяқталуына байланысты өңірлерде астық қорын тұрақтандыруды қалыптастыру, сондай-ақ нан бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде облыстар әкімдерімен бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны