27.09.2012, 13:37 3170

Ахметов ҚР жаңа үкіметіне бірқатар тапсырмалар берді

"Бүгіннен бастап үкімет мүшелері жұмыстың жаңа кезеңіне өтеді. Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр. Және тек маған ғана емес, жаңадан жасақталған команда мүшелерінің бәріне сенім артты. Біз елбасының зор сенімін ақтауымыз керек", - деді С.Ахметов отырыста.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның жаңа премьер-министрі Серік Ахметов үкіметтің алғашқы отырысын өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгіннен бастап үкімет мүшелері жұмыстың жаңа кезеңіне өтеді. Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артып отыр. Және тек маған ғана емес, жаңадан жасақталған команда мүшелерінің бәріне сенім артты. Біз елбасының зор сенімін ақтауымыз керек", - деді С.Ахметов отырыста.

"Біз өз үкіметіміздің тиімді жұмыс жасап, мемлекет басшысының атқарушы билік алдына қойған міндеттерін орындай алатынын дәлелдеуіміз керек", - деді ол.

С.Ахметовтің айтуынша, жаңа команда бұған дейінгі үкіметтің тәжірибесіне сүйене отырып жұмыс істемек.

"Біз әлемдік қаржы дағдарысының қайталануы мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек. Үкімет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірледі. Біз әрі қарай да осы процесті мұқият мониторингтен өткізіп, әлемдік экономикадағы өзгерістерге қарай әрекет етіп отырамыз", - деп сендірді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны