11.01.2007, 11:54 1626

Ахметов үкіметіндегі көптеген министрлер өз лауазымдарында қалды

АСТАНА. 11-қаңтар. Kazakhstan Today. Ахметов үкіметіндегі көптеген министрлер Кәрім Мәсімов басқаратын үкіметте өз лауазымдарында қалды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлықтарына сәйкес:

Ахметжан Смағұлұлы Есімов- Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы министрі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов- Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресуртар министрі;

Бауыржан Илімұлы Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дерновой Анатолий Григорьевич- Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Ахметов Серік Нығметұлы- Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі;

Зағипа Яхияқызы Балиева - Қазақстан Республикасының Иділет министрі;

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;

Темірхан Досмұхамбетов - ҚР туризм және спорт министрі;

Ыскаков Нұрлан Ибділдаұлы - ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі;

Наталья Артемовна Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Гүлжан Қарағұсова - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны