03.05.2019, 13:12 7628

Ахметжан Есімов баронесса Эмма Николсонмен кездесті

Кездесу Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

Нұр-Сұлтан. 3 мамыр. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Британ премьер-министрінің Қазақстандағы сауда елшісі, Қазакстан-Британ іскерлік кеңесінің төрағасы баронесса Эмма Николсонмен, сондай-ақ Лондон қор биржасының бастапқы капитал нарығы басқармасының басшысы Роберт Барнспен кездесті.

Кездесу Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту аясында өтті.

"Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың белсенді қарқынының арқасында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қарым-қатынастар өзара байланыстың жоғары деңгейіне жетті. "Самұрық-Қазына" британдық серіктестермен бірге екіжақты инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуда белсенді рөл атқарады",- деді А. Есімов.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Ұлыбританияға барған сапарының аясында сол жылы құрылған Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі (ҚБІК) аясында бірлескен қызметтестіктің перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, А. Есімов қатысушыларға Қордың IPO-ға жоспарларын ұсынып, компаниялар тобының жекешелендіру бағдарламасы мен инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау туралы мәлімдеді.

Өз кезегінде, баронесса алдағы IPO-ға қызығушылық танытып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу соңында тараптар осы жылдың күзінде өтетін Қазақстан-Британ әскерлік кеңесін талқылады.

Айта кеткен жөн, 2018 жылдың қарашасында "Самұрық-Қазына" АҚ өзіне тиесілі "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының" 15% акциясын Лондон қор жиржасында және AIFC биржасында орналастырды.

Биылғы жылы "Эйр Астана" АҚ-ның және "Қазақтелеком" АҚ-ның IPO-ны өткізу жоспарланып отыр. "Эйр Астана" әуекомпаниясы AIFC жергілікті биржасында және шетелде Лондонда орналасады деп болжанып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны