08.07.2014, 20:41 3056

Air Kazakhstan әуе компаниясы 2015 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді

Bombardier компаниясының Ресей мен ТМД-дағы бизнесті дамыту және сату директоры Марк Гилберттің айтуынша, ұшақ бағасы шамамен 30 млн долларды құрайды. Астанада таныстырылған ұшақ Торонто қаласының зауытынан шыққан. "Компанияның қалыптасу кезеңінде шет елдік қызметкерлер тартылады. Алайда боашақта компания отандық мамандарға ден қоймақ", - дейді Марк Гилберт.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Air Kazakhstan әуе компаниясы 2015 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді.

"Иуе компаниясы Q400 ұшағының 10 данасын сатып алып, 2015 жылдың көктемінен бастап жолаушы тасымалына кіріспек", - дейді Нұржан Шәкіров Q400 Next Gen ұшағын таныстыру барысында. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлеріне арналған "Бизнес аумағы" бизнес-порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, ұшқыштарды дайындау шаралары алдымен Канадада өткізіледі. "Біздің ойымызша, бірінші жыл ішінде экипаждың бір бөлігі жергілікті кадрлардан құралады", - деді ол.

Сонымен қатар ол бір ұшақтың құнының 23 млн доллар тұратынын айтты. Оның айтуынша, компанияның басты міндеті - қауіпсіз тасымал жасау. Қауіпсіздікке бірқатар факторлар әсер ететіні белгілі. Ол билет құнынан көрініс табады.

"Тасымал құны барынша қолжетімді болуы керек. Біз билет бағасының қазіргіден анағұрлым арзан болуын жоспарлап отырмыз", - дейді Нұржан Шәкіров.

Air Kazakhstan басшысы компания ұшақтары 3 негізгі хабтан: Астана, Алматы мен Атыраудан ұшатынын айтты.

Bombardier компаниясының Ресей мен ТМД-дағы бизнесті дамыту және сату директоры Марк Гилберттің айтуынша, ұшақ бағасы шамамен 30 млн долларды құрайды. Астанада таныстырылған ұшақ Торонто қаласының зауытынан шыққан.

"Компанияның қалыптасу кезеңінде шет елдік қызметкерлер тартылады. Алайда боашақта компания отандық мамандарға ден қоймақ", - дейді Марк Гилберт.

Бұрын хабарланғандай, Air Kazakhstan 2015 жылдың көктемінен бастап іске кіріспек. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bombardier компаниясы президенті Пьер Бодуэнмен кездесіп, ішкі рейстер бойынша қатынайтын Air Kazakhstan әуе компаниясын құру жоспарын талқылаған еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны