18.09.2007, 12:26 1455

"Аягөз" есірткі шебі" постында көлікті тексеру кезінде көлік жолаушысы полицейге қарумен қоқан-лоққы көрсеткен

"Аягөз" есірткі шебі" постында көлікті тексеру кезінде көлік жолаушысы полицейге қарумен қоқан-лоққы көрсеткен.

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында "Аягөз" есірткі шебі" постында көлікті тексеру кезінде көлік жолаушысы полицейге қарумен қоқан-лоққы көрсеткен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Аягөз" есірткі шебі" бөгеу жүйесі постының қызметкерлері "Тойота LC-100 GX" маркалы көлікті тоқтатқан. "Тексеру жүргізу барысында аталмыш көліктің жолаушысы күтпеген жерден белгісіз үлгідегі тапаншаны алып шығып, оны полицейге бағыттаған",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер. Олар пост қызметкерлерінің сауатты іс-әрекетінің арқасында оны құрықталған.

Баспасөз қызметіндегілердің түсіндіруінше, полицейлер шабуылшыдан "оқталған тапанша мен алты оғы бар тапанша оқшантайын тәркілеген, тапаншаның өзегінде дыбыс тұншықтырғыш тетігі бар".

"Бұрын сотталған ол уақытша тергеу изоляторына қамалды. Одан әргі жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, баллистикалық сараптама тағайындалды",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны