31.03.2015, 11:50 7320

Айдар Иріпханов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК басқарма төрағасыныӊ м.а. болып тағайындалды

Директорлар кеӊесініӊ шешімімен Айдар Иріпханов "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа компаниядан телефон арқылы хабарлады

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Директорлар кеӊесініӊ шешімімен Айдар Иріпханов "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясы АҚ басқарма төрағасыныӊ міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпаратқа компаниядан телефон арқылы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иріпханов Айдар Ибдіразақұлы, 1974 жылы туылған, Қазақ мемлекеттік басқару академиясыныӊ "Қаржы және несие" факультетін тәмамдаған, АҚШ-тыӊ Колумбия университетінде мемлекеттік әкімшілендіру магистрі атағын алды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы тағайындауға дейін А.Иріпханов "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ басқарма төрағасыныӊ экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 наурыз күні Қытайда "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров кенеттен қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі Алматыда 28 наурыз күні өткен болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны