18.11.2015, 11:51 3470

Айдар Иріпханов ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев министрлік ұжымына жаӊа ұлттық экономика вице-министрі Айдар Иріпхановты таныстырды, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметінен

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев министрлік ұжымына жаӊа ұлттық экономика вице-министрі Айдар Иріпхановты таныстырды, деп хабарлайды министрліктіӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Айдар Иріпханов Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік аяқтады. "Болашақ" президенттік бағдарламасыныӊ аясында Колумбия университетін бітіріп, 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ир жылдары ол ҚР қаржы вице-министрі, ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясыныӊ басшысыныӊ орынбасары, ҚР Еӊбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-Министрініӊ кеӊесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасыныӊ орынбасары, "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры болды.

2011 жылғы мамырдан бастап "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасы төрғасыныӊ экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны