26.06.2014, 19:33 2957

"Аймақ-2050" байқауының жеңімпазы Кәрім Мәсімовпен таңғы ас ішеді

"Аймақ-2050" байқауының жеңімпаздары еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мәлімдеді.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. "Аймақ-2050" байқауының жеңімпаздары еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен таңғы ас ішу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде "Қазақстан 2050" жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин мәлімдеді.

"Мен тағы бір жобаға тоқталсам, ол "Аймақ-2050" деп аталады. Жоба келесі айда іске қосылады. Бұл жоба азаматтарды өңірлік стратегияны әзірлеуге жұмылдыруды көздейді. Яғни, бүгінде "Қазақстан-2050" стратегиясы жұмыс істейтінін білеміз. Бірақ, өңірлерге барғанда әрқайсының өз проблемалары, өз сын-қатерлері, өз артықшылықтары бар екенін байқадық. Осы ретте әр өңірдің өз стратегиясын әзірлеуі маңызды деген тоқтамға келдік. Мәселен, "Шымкент-2050", "Қостанай-2050", "Өскемен-2050" және т.б. Сөйтіп, арнайы байқау өткізуді ұйғардық", - деді Д.Жумин.

"Мәселен "Шымкент 2050", "Қостанай 2050" осы сынды жобалар. Біз қазір тұрғындарға арналған байқау өткізудеміз,.Ирбір қатысушы бұл Стратегия бойынша өз пікірін айта алады. Біз бір адамның емес барлық топтың жұмысын бағалаймыз. Экономистер мен заңгерлер өз өңірлеріне байланысты Стратегия дайындайды. Үздік деп танылғандарды біз тренингке шақырамыз, олар жобаларын толықтырып өз өңірлеріне қайта оралады", - деді ол.

"Біз жұмысты бір адамнан емес, командалардан қабылдаймыз. Айталық, әр өңірде экономистер, заңгерлер бірлесіп, өңірдің дамуына қатысты барлық жағдайды саралап, стратегия әзірлейді. Үздік стратегия әзірлеушілерді тренингке шақырамыз, олар құжатты осы жерде жетілдіре алады. Сонан соң өңірде бүкіл қоғамның қатысуымен бұл стратегияны талқылап, дайын нұсқасын бізге жібереді. Ал байқау жеңімпаздары қандай сыйлыққа ие болады? Елімізде бұл бірінші рет болмақ, байқау жеңімпаздарына Премьер-министрмен таңғы ас ішіп, әзірлеген стратегияларын талқылау мүмкіндігі беріледі", - деді Д.Жұмин.

"Премьер-министрдің біздің ұсынысымызды қабылдағаны, біздің қоғалыстың жұмысын мақұлдап-танығаны деп білеміз", - деп түйіндеді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны