26.02.2015, 16:10 4170

"Ақ жол" Елбасыныӊ кезектен тыс Президент сайлауын өткізу шешімін қолдайды

"Ақ жол" партиясы Мемлекет басшысыныӊ кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдайды, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты, "Ақ жол" Демократиялық партиясыныӊ жетекшісі, ҚР Парламент Мәжілісініӊ экономикалық және өӊірлік даму комитетініӊ мүшесі Азат Перуашев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы Мемлекет басшысыныӊ кезектен тыс сайлау өткізу шешімін қолдайды, деді ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаты, "Ақ жол" Демократиялық партиясыныӊ жетекшісі, ҚР Парламент Мәжілісініӊ экономикалық және өӊірлік даму комитетініӊ мүшесі Азат Перуашев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Белгілі болғандай, Елбасы 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. "Ақ жол" партиясы оныӊ шешімін толығымен қолдайды. Илемдік экономикалық тұрақсыздық жағдайында бірігіп, әлемдік дағдарыстыӊ ел экономикасына әсер етуін болдырмау қажет", - деді депутат, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

А.Перуашев атап өткендей, Қазақстанда орын алған жағдайларға байланысты ұлттық қызығушылықтарға аса көӊіл бөлетін саясатты ұстану қажет. " "Ақ жол" партиясы осы себептерге орай Ұлт көшбасшысыныӊ кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын толығымен қолдап отыр", - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Президентініӊ сайлауын 2015 жылдыӊ 26 сәуірінде өткізу бекітілді. 14 ақпан күні ҚХА мүшелері ҚР Президентініӊ кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастаманы алға тартқан болатын. ҚХА мүшелерініӊ пікірінше, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында кезектен тыс сайлау "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, елдіӊ ұзақмерзімді дамуын жалғастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны