25.04.2012, 16:03 3299

"Ақ жол" ҚДП газдандыру жоспарына Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын қосуды ұсынады

Үкімет газдандыру жөніндегі осы тапсырманы қоса алғанда, Президент Жолдауын орындау жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қалыптастыруға және іске асыруға кіріскені мәлім.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ҚДП газдандыру жоспарына Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын қосуды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП Фракциясы жоғарыда аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Биылғы Жолдауында Елбасы Үкіметке "...Астананы қоса алғанда, еліміздің орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр желісін іске асыруды жоспарлау мен оған кірісуді" тапсырды (аталған жолдау тапсырмаларының 6-т.), деп көрсетілген.

Сонымен қатар Президент "Қазақстан - мұнай мен газ шығаратын ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз", - деп атап көрсетті.

Үкімет газдандыру жөніндегі осы тапсырманы қоса алғанда, Президент Жолдауын орындау жөніндегі жалпыұлттық жоспарды қалыптастыруға және іске асыруға кіріскені мәлім.

Сондай-ақ сайлаушылармен жақын арада өткен кездесулер барысында газдандыру жоспарына Павлодар мен Шығыс Қазақстан облысы енгізілмегені айқындалды. Осылайша, республиканың 16 әкімшілік-аумақтық бірлігінің ішінен 2 облыстың тұрғындары басқа отандастарымен салыстырғанда осал жағдайда болады.

Дәл осы өңір, Семей ядролық полигоны салдарының әсерін айтпағанның өзінде, экологиялық тұрғыдан қолайсыз болып саналатынын атап өту қажет. Айталық, Өскемен қаласы атмосфералық ауаның, әсіресе аса жоғары уытты заттармен (кадмий, мышьяк, хлор, күкірт ангидриді, қорғасын және т.б.), ластануының ең жоғары деңгейімен көзге түседі. Семей мен Павлодар қалаларындағы жағдайдың бұдан асып тұрғаны шамалы.

Сондықтан табиғи газбен қамтамасыз ету атмосфераға залалды заттардың шығарылуын едәуір қысқартып, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартқан болар еді.

Оның үстіне, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының елді мекендерін газдандыру осы облыстардың тұрғындарын еліміздің басқа өңірлерінде тұратын Республиканың барлық азаматтарымен қатар өмірдің замануи стандарттарына араластыруда маңызды рөл атқаратын еді.

"Ақ жол" партиясы Конституциямен кепілдік берілген тең құқылы болу қоғамдық салаға ғана емес, біздің мұнай мен газ шығаратын елімізде қазақстандықтардың арзан және экологиялық таза көгілдір отынға тең қол жетімділігі болып табылатын ең маңызды факторы - ең алдымен отандастарымыздың лайықты өмір сапасына таралуы тиіс деп санайды.

Осыған байланысты "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттық фракциясы Республика Үкіметінен мынаны сұрайды:

1) Газдандыру жоспарына Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын қосып, сол арқылы Қазақстан аумағын толық газдандыруды қамтамасыз ету.

2) Биылғы жылы қажетті қаржы жоқ болған жағдайда орталық өңірлерді газдандыру барысында газдандыруды жалғастыру және болашақта қалған облыстарға табиғи газдың тиісті көлемін беру үшін құбырдың техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді ұсынамыз.

3) Ресей Федерациясында жоспарланған Батыс Сібірден Батыс Қытайға дейін "Алтай" газ құбырының салынуы Қазақстанның қалған бөлігін газдандырудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады. Осы газ құбырының трассасы Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласынан 150 км жерде өтетіні белгілі. Осылайша, өңірді газдандыру перспективаларын көрші мемлекеттермен жемісті келіссөз өткізу жағдайларында Шығыс Қазақстанды "Алтай" газ құбырына қосу арқылы жүзеге асыруға болады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарын да газдандыру бойынша барлық мүмкіндіктерді зерделеуді сұраймыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны