17.04.2012, 17:45 3136

"Ақ жол" партиясы кәсіпорындардың электр желілеріне қосылуы үшін заңсыз алым фактілері бойынша Бас прокуратура мен Қаржы полициясына хабарласқалы отыр

"ШОБ субъектілерін электр желілеріне тегін қосу туралы Үкімет қаулысына қарамастан, энергетикалық компаниялардың қосымша электр қуаттарына қосылу үшін осы кезге дейін ақы алып жүргендері туралы дабылдар түсуде", - деп Азат Перуашев ТМРА төрағасы Мұрат Оспановтың қатысуымен өткен "үкімет сағатында" мәлімдеді.

Астана. 17-сәуір. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы кәсіпорындардың электр желілеріне қосылуы үшін заңсыз алым фактілері бойынша Бас прокуратура мен Қаржы полициясына хабарласқалы отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ШОБ субъектілерін электр желілеріне тегін қосу туралы Үкімет қаулысына қарамастан, энергетикалық компаниялардың қосымша электр қуаттарына қосылу үшін осы кезге дейін ақы алып жүргендері туралы дабылдар түсуде", - деп Азат Перуашев ТМРА төрағасы Мұрат Оспановтың қатысуымен өткен "үкімет сағатында" мәлімдеді.

Кәсіпкерлердің қазіргі заманғы өндірістің негізі факторы - электрге қолжетімділігі туралы мәселе "ақжолдықтармен" бұған дейін энергетикалық қуат нарығын енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында көтерілген болатын. Сол кезде "табиғи монополистер" елде қосымша қуаттарды қосу үшін ақы алу жойылды деп сендірген еді. Ал "Ақ жол" партиясының депутаттары сонда да ақының алынып жатқандығын айтқанда, олар қаулы нормасының бұзылуының нақты дәлелдерін келтіруді сұрады.

"Жақында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша болған көшпелі іс-шаралар барысында біз бұл мәселені сайлаушылармен өткен кездесулерде әдейі көтердік. Шын мәнінде біз барған 13 облыстың бір де бірінде қосылу үшін ақы алмайды деп айтылған жоқ. Барлық жерде заңмен бекітілген тәртіпті бұза отырып, қосымша қуатты қосу үшін бұрынғысынша ақы алынатындығы расталып отыр. Бұдан басқа осы субъектілермен жүргізілетін заңсыз және бақыланбайтын түрдегі алым-салық жағдайлары айтылып отыр. Біз берілген фактілерді табиғи монополия субъектілерімен монополді жағдайларын пайдалану арқылы жасалған кәсіпкерлерден тікелей ұрлау деп санаймыз", - деді А.Перуашев.

"Ақ жол" партиясының Фракциясы өзінің жағдайларын асыра пайдаланатын, қосымша қуаттарды қосу үшін кәсіпкерлерді заңсыз төлемдерге мәжбүрлейтін монополия субъектілеріне қатысты қажетті шараларды қолға алу үшін ТМРА басшылығына Бас прокуратура мен Қаржы полициясы агенттігі өкілдерінің қатысуымен "Ақ жол" партиясында нақты жағдайлар бойынша кәсіпкерлермен кездесу өткізуді ұсынды.

Бұдан басқа, А.Перуашев партияның тиісті үндеуін осы органдарға өздігінен жолдауға бастамашылдық жасауға дайын екендігін мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны