21.05.2012, 15:21 4071

"Ақ жол" партиясы жаңадан құрылушы шағын және орта бизнесті қызметінің алғашқы 3 жылы ішінде салықтан босатуды ұсынады

Өткен жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев құрылған күнінен бастап алғашқы 3 жыл ішінде ШОБ-ты тексеруге тыйым салатын заңды дайындауды және қабылдауды тапсырған болатын. Сол кезде-ақ "Ақ жол" ҚДП Президент тапсырмасын жай ғана орындап қоймай, оны толық түрде қисынды аяқтауды ұсынған болатын.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - "Ақ жол" партиясы жаңадан құрылушы шағын және орта бизнесті қызметінің алғашқы 3 жылы ішінде салықтан босатуды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы "Ақ жол" партиясының төрағасы, парламент депутаты Азат Перуашев ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінде салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша өткен конференция барысында мәлімдеді.

Айтып өтсек, өткен жылдың 1 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаев құрылған күнінен бастап алғашқы 3 жыл ішінде ШОБ-ты тексеруге тыйым салатын заңды дайындауды және қабылдауды тапсырған болатын. Сол кезде-ақ "Ақ жол" ҚДП Президент тапсырмасын жай ғана орындап қоймай, оны толық түрде қисынды аяқтауды ұсынған болатын.

"Президенттің тапсырмасына негіз болған себептердің бірі бизнесті тексерудегі жемқорлықтың өсуі, бәрінен бұрын қаржылық және салықтық есеп беру сферасында. Осыған байланысты, "Ақ жол" ҚДП тексеруге тек тыйым салып қоюды ғана емес, сондай-ақ шағын және орта бизнесті кәсіпорын құрылған күннен бастап сол 3 жыл ішінде салықтан босатуды қисынды және қажетті деп санайды", - деп парламенттік оппозиция көшбасшысы Азат Перуашев атап өтті.

"Ақжолдықтардың" мәліметтері бойынша, жұмысының алғашқы жылдарында-ақ жаңадан құрылған компаниялардың 90 пайызға дейіні қысымды көтере алмай, өз қызметтерін тоқтатып жатады. Сондықтан оларды салықтан босату бюджет үшін аса бір елеулі жоғалтуларға алып келмейді. Бір жағынан, жаңадан бастаушы бизнесті салықтан босату олардың өміршеңдігін күшейтеді және экономиканың түрлі салаларында жаңа компаниялардың пайда болуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Азат Перуашев жаңа кәсіпорындарды салықтан босату мерзімі 5 жылға дейін жететін, шағын және орта бизнесі табысты жұмыс жасап жатқан АҚШ, Қытай, Германия және басқа елдердегі ұқсас қадамдарды мысалға келтірді.

Сонымен қатар, "Ақ жол" ҚДП төрағасы қатысушылардың назарын салықтық даулар бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан 5 жылдық ескіру мерзімі жағдайына аударды. Бұл салық органдарына, тексеруге тыйым салған жағдайда да, 3 жылдық тыйымның аяқталуы бойынша еш кедергісіз ШОБ-ты қызметінің алғашқы жылдарында тексеруге мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс жүзінде адал емес бизнеске салынатын алымдар мен айыппұлдарды адал бизнеске аударушы жалған кәсіпкерлік бойынша бап көбіне дәл осындай тексерістер бойынша қолданылады.

Осыған байланысты, "Ақ жол" партиясы салықтық есеп беру бойынша мерзімі өткен істің 5 жылдық мерзімін 3 жылға дейін қысқарту талабын жалғастырып отыр. Айтпақшы, көрші Ресейде салықтық даулардың мерзімі 3 жыл, бұл Кедендік одақ аясындағы біздің кәсіпорындарымыздың бәсекелестігі тұрғысынан маңызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны