17.06.2015, 15:09 3702

Академиялық білімі бар офицерлер ҚР ҚК офицерлер корпусын толықтырды

Бүгін Елбасы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерініӊ салтанатты бітіру рәсімі өтті. ҚР Қарулы Күштерініӊ 102 түлек офицері Жауынгерлік Ту шығарылған университеттіӊ алаӊқайына сапқа тізілді

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Елбасы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлерініӊ салтанатты бітіру рәсімі өтті. ҚР Қарулы Күштерініӊ 102 түлек офицері Жауынгерлік Ту шығарылған университеттіӊ алаӊқайына сапқа тізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Офицер мырзалар, Сіздерді Елбасы - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетін сәтті бітірулеріӊізбен шын жүректен құттықтаймын. Сөзсіз, әрқайсымыз және барша ел үшін бұл атаулы күн. Себебі, Сіздер заманауи тұрғыда сапалы білім алған жоғары әскери оқу орныныӊ қабырғасынан түлеп шыққан офицерлердіӊ бірісіздер. Сіздер әскердегі үздік офицерлер ретінде танылып, осында жолдандыӊыздар. Енді офицерлік біліммен қатар, әскери өнердіӊ әртіүрлі салаларында анағұрлым тереӊ білімдеріӊіз бар. Армияныӊ қорғаныс қабілетін құрайтын жауынгерлік рух пен жоғары зияткерлікке ие болдыӊыздар", - деп ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов әскери қызметшілерді құттықтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ұлттық қорғаныс университетінде алған білімдеріӊіз бен дағдыларыӊыз өте ауқымды екенін атап өткен жөн. Офицерлер әскери тактика мен стратегияныӊ ерекшеліктерін зерделеді, шетел тілдерін меӊгерді, заманауи әскери құрылыс курстары бойынша елеулі дайындықтан өтті.

"Сіздер жаӊа соғыстардыӊ будандық, ассиметриялық, коалициялық және өзге де нысандарыныӊ не екенін жақсы білесіздер. Бүгінде бірінші жоспарға шығып отырған ақпарат пен байланыс, электроника мен жаӊа технологиялардыӊ мәні ұлғайып келе жатқандығы туралы құлағдарсыздар. Батылдықпен шайқасу, ақылмен жеӊіске жету сияқты құнды дүниелерді бойларыӊызға сіӊдірдіӊіздер. Басқаша айтқанда, әскерлерді тиімді басқаруды үйрендіӊіздер. Бұл армияға ұдайы көӊіл бөлетін және ерекше қамқорлық жасайтын Жоғарғы Бас қолбасшы қойып отырған маӊызды міндет", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Бүгінгі күні жоғары оқу орнынан кейінгі білім кадрларды әскери даярлау жүйесінде елеулі орын алады. Ол әскери экономика, әскери өнеркәсіпті, әскери ғылымды дамыту мен жаӊа технологияларды әзірлеу мәселелерін шешуге қабілетті әскери-ғылыми, жаӊа формациядағы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудыӊ тиімді жүйесін қамтамасыз етеді.

"Бүгінгі күн - мен үшін өте қуанышты және атаулы күн, өйткені, мен кадрлық әскериқызметші болып табыламын, бұл меніӊ екінші әскери білімім, әскери мансабымныӊ қисынды жалғасы. Меніӊ дүниетанымымды кеӊейтті, өзімніӊ базалық білімімді бекіттім. Мұндағы ауқым анағұрлым кеӊ, білім - өте тереӊ. Университеттіӊ профессорлық-оқытушылар құрамына алғысымды білдіргім келеді, бұл нағыз кәсіпқойлар, өз істерініӊ шеберлері", деді ҰҚУ түлегі подполковник Ораз Күшіков.

ЖОО-ныӊ профессорлық-оқытушылар құрамы кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге сүбелі үлес қосады, бұл халықаралық стандарттарға төтеп беретін ҚР әскери білімін сапалы жаӊа деӊгейге шығаруға мүмкіндік бере отырып, Қарулы Күштерді дамытуға ықпал етеді.

"Бізге Америкадағы Монтгомери қаласында (Алабама штаты) орналасқан Искери-әуе академиясын көру мүкміндігі болды. Біз олардыӊ дайындығы мен оқып-үйренуін зерделедік. Бізді жоғары кәсіби мамандар ретінде дайындаған университеттіӊ профессорлық-оқытушылар құрамына алғысымды білдіргім келеді", - деді ҰҚУ түлегі подполковник Талғат Қалабаев.

Бас штабы факультетініӊ түлектерімен қатар, бүгін Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Арнайы даярлық факультеттерініӊ офицерлері түлеп шықты. Армандаған дипломдарын университеттіӊ барлық 18 кафедрасыныӊ тыӊдаушылары алды, оларға Қарулы Күштер мен әскери құралымдардыӊ жауынгерлік қабілеттілігін нығайту қажет.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны