04.07.2014, 20:07 3353

Икімшілік ғимараттар энергия аудитінен өтті

"Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізді.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. "Қазақстан Республикасы Президентінің Икімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының ресми порталы хабарлағандай, жүйені диагностикалау қорытындысы бойынша толық есеп пен қолданыстағы жүйені жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалды және энергетикалық менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу жөнінде семинар-мәжілістер өткізілді.

Энергия менеджмент жүйесі жұмыс істеуі үшін кәсіпорынның қызметіне өзгерістер енгізілді, ресурстар бөлінді, энергетикалық нәтижелерге мониторинг пен өлшеу жүргізу енгізілді, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясат әзірленді.

Энергия менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі жұмыс тобы энергия тиімділігінің көрсеткіштерін және энергетикалық базалық желіні белгіледі. Консультанттармен бірлесіп энергетикалық талдау жүргізілді, энергетикалық нәтижелілікті жақсарту мүмкіндіктері анықталды, мақсаттар мен міндеттер бекітілді, оларға қол жеткізу жөнінде іс-шаралар бағдарламасы әзірленді, қажетті құжаттамалық рәсімдер әзірленді.

Кәсіпорынның жеке құжаттарын өз бетімен әзірлеу және жалпы энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу компанияның саны және өндірістің күрделілігіне қарай 6 айдан 1,5 жылға дейін едәуір уақыт алатынын атап өту қажет.

Осыған байланысты, аталған жұмысқа тиісті тәжірибесі мен біліктілігі бар консалтингтік ұйым - "Стандарттау және сертификаттау ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС тартылған болатын.

Барлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша энергия менеджмент жүйесіне ішкі аудит жүргізіліп, кеңейтілген мәжілісі өткізілді. Қазіргі уақытта энергия менеджмент жүйесі толықтай енгізілді, оған тұрақты мониторинг жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны