25.02.2010, 16:41 3141

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "2010 жылдың 24 ақпанында Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары генерал-лейтенант Қ.Маерманов сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны, билікті теріс пайдаланғаны, пара алып, қызметтік өкілеттігін асырғаны үшін мүлікті тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Қазақстан Республикасының президенті атына Маермановты әскери атағынан және мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныс жолданды".

"Сонымен қатар, алаяқтық жасағаны және пара бергені үшін Израиль Республикасының азаматы Б. Шейнкман мүлікті тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айырылды,- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің зымыран әскерлері мен артиллериясы қолбасшысының лауазымын уақытша атқарған полковник Е.Жартынов билікті теріс пайдаланғаны және қызметтік өкілеттігін асырғаны үшін полковник шенін айырумен бірге 7 жылға бас бостандығынан айырылды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны