15.06.2009, 17:17 2414

Ақмола гарнизонының Искери соты генерал-майор Шойынбаевқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Ақмола гарнизонының Искери соты генерал-майор Шойынбаевқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола гарнизонының Искери соты 11 маусымда Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Шойынбаевқа билігін асыра қолданғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 11 маусымында Ақмола гарнизонының Искери соты Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асхат Шойынбаевты әскери қызметші отбасын жатақханадан заңсыз шығару туралы бұйрық беріп, офицерді ұрып-соғу арқылы денесіне орта дәрежедегі дене жарақатын түсіргендігі туралы айыптау қылмыстық ісін қарады.

Прокуратураның хабарлауынша, сот үкімімен сотталушы Шойынбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 28- бабының 3- бөлігі, 145-бабының 3- бөлігі, 380-бабының 2- бөліктерінде (тұрғын үйде қол сұқпаушылықтың бұзылуы және билікті асыра қолдану) көрсетілген қылмыстарды жасағандығы үшін кінәлі ретінде танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оны жалпы режімдегі түзету колониясында өткеру белгіленді.

"Сонымен бірге, сотпен Шойынбаевты "генерал-майор" әскери атағынан айыру туралы ұсыныс жолданды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны