26.06.2017, 16:21 2923

Ақмола облысы әкімі аппаратыныӊ басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкiмiнiӊ 2017 жылдыӊ 26 маусымдағы өкiмiмен ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiӊ келiсiмi негiзiнде Қанат Бейбiтұлы Шөкенев Ақмола облысы әкiмi аппаратыныӊ басшысы болып тағайындалды.

Көкшетау. 26 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысы әкiмi аппаратыныӊ басшысы тағайындалды. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткен аппарат кеӊесiнде айтылды.

Ақмола облысы әкiмiнiӊ 2017 жылдыӊ 26 маусымдағы өкiмiмен ҚР Президентi әкiмшiлiгiнiӊ келiсiмi негiзiнде Қанат Бейбiтұлы Шөкенев Ақмола облысы әкiмi аппаратыныӊ басшысы болып тағайындалды.

Қанат Бейбiтұлы, 1981 жылы туған, бiлiмi жоғары, Қазақ еӊбек және әлеуметтiк қатынастар академиясыныӊ Ақмола облысындағы филиалын заӊгер мамандығы бойынша бiтiрген, Тұран-Астана университетiн қаржы бакалавры академиялық дәрежесiмен тәмамдаған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнiӊ магистранты. Еӊбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкiметi Президент Икiмшiлiгiнiӊ әкiмшiлiк ғимараттары дирекциясында маман болып бастаған. 2008-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ Iс басқармасында сарапшы, сектор меӊгерушiсi, кейiн ресми iс-шаралар мен сырты байланыстар бөлiмi меӊгерушiсiнiӊ орынбасары болды. Қазiргi қызметiне дейiн ҚР Президентi Iс басқармасы Ресми iс-шаралар мен сырты байланыстар бөлiмiнiӊ меӊгерушiсi болып жұмыс iстедi.

Сонымен қатар, аппарат кеӊесiнде ТМД Парламентаралық кеӊесiнiӊ шешiмiмен "Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасыныӊ басшысы Надежда Александровна Патюткинаға "Денешынықтыру, спорт және турзимдi дамытуға қосқан үлесi үшiн" құрмет белгiсi тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны