17.10.2017, 17:45 4704

Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ Қостомар ауылында жел электр станциясы салынады

Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ Қостомар ауылында жел электр станциясы салынады. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017" ұсынылған 5 жоба Ақмола облысында жүзеге асырылуы мүмкiн.

Көкшетау. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Аршалы ауданыныӊ Қостомар ауылында жел электр станциясы салынады. Сондай-ақ, "ЭКСПО-2017" ұсынылған 5 жоба Ақмола облысында жүзеге асырылуы мүмкiн. Бұл туралы Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлiк Мырзалиннiӊ төрағалығымен өткен аппарат кеӊесiнде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныӊ басшысы Виктор Радченко мәлiмдедi.

Оныӊ сөзiнше, мамандар "ЭКСПО-2017" көрмесiнде энергетика және мұнайгаз саласында ұсынылған 130 жаӊа технологиямен танысқан. Арнайы құрылған жұмыс тобы осы жаӊа технологиялардыӊ iшiнен өӊiрде жүзеге асыруға тиiмдi деген 5 жобаны таӊдап алған. Ақмола облысы үшiн "жасыл энергетика" ережесi бойынша "құбырсыз" газ тарту жобасы тиiмдi.

"Бұл жоба экономикалық және экологиялық жағынан тиiмдi", дедi В.Радченко.

Сонымен қатар, келешекте Аршалы ауданыныӊ Қостомар ауылында қуаты 100 МВт жел электр станциясы салынатын болады.

Ал, "Көкшетау су арнасы" коммуналдық кәсiпорыны инновациялық жолмен турбогенераторды iске қосуды жоспарлап отыр. Тағы бiр ноу-хау Степногорск қаласындағы су тазалау нысанын жаӊғырту болса, ендi бiрi "Көкшетау минералды сулары" АҚ электртаратқыш желiсiнде компьютерлiк бақылау технологиясын енгiзу көзделген.

Аппарат кеӊесiнде биылғы жылу беру маусымы да сөз болды. Биыл жылу маусымы облыс бойынша ойдағыдай басталды. Ала жаздай жылу қазандықтары, құбырлар жөнделiп, отынныӊ қоры жасалды. Илi де болса отын қоры толықтырылып жатыр. Жылу беру маусымына қатысты облыс әкiмi М.Мырзалин Көкшетау және Степногорск қалаларымен барлық аудандардыӊ әкiмдерiн әлеуметтiк нысандарға жылу берудiӊ тұрақты нормативiн сақтауды және тұрғындарды сумен, электр қуатымен, жылумен үздiксiз қамтамасыз етудi тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны