22.07.2017, 12:00 5550

Ақмола облысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге өзіндік үлесін қосуда

Астананыӊ азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы бойынша өткен жылдыӊ өзінде құны 9,2 миллиард теӊгеніӊ жобасы жүзеге асқан. Осыныӊ нәтижесінде Елорда ұнмен 100 пайыз, жұмыртқа және картоппен 52 пайыз, ет өнімдерімен 50 пайыз қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, өткен жылы 94 мыӊ тонна сүт өндірілген. Бұл астаналықтардыӊ сүтке деген сұранысыныӊ 48 пайызын қамтиды.

Көкшетау. 22 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысы "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге өзіндік үлесін қосуда.

Айталық, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне келетіндердіӊ көпшілігі бұла табиғатты Бурабай өлкесін көруге ынтызар. Щучинск-Бурабай курортты аймағыныӊ жалпы аумағы 159932 гектар, оныӊ 53 мыӊ гектары орманды алқап. Курортты аймақта 20 елді мекен орналасқан.

Бурабай кенті Астана қаласынан солтүстікке қарай 250 шақырым жерде Бурабай көлініӊ жағалауында, Көкшетау тауыныӊ етегіне қоныс тепкен. 1910 жылы Бурабайда қымызбен емдейтін алғашқы сауықтыру орны ашылды. Бүгінде бұл шипажай бүкіләлемдік сауықтыру орнына айналды.

Айта кету керек, жер жәннатында жылдан-жылға емдеу, демалыс орындары көптеп ашылуда. Төрт санаторий, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, "Шығыс" мәдени-сауықтыру орталығы, Абылай хан мұражайы, табиғат мұражайы орналасқан. Ауыл ортасында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіш белгі мен Көкшетау тауыныӊ етегіндегі Абылай хан алаӊында стелла орнатылған. Шет елден келген туристке көремін, тамашалаймын десе бұл жерде таӊдай қағып, көз қызығарлық түрлі табиғат тамашасы бар.

Мәселен бір ғана мемлекеттік саябақта сүтқоректілердіӊ 34 түрі бар, оныӊ ішінде орман сусары Қызыл кітапқа енгізілген. Құстардыӊ 96 түрі ұя салады, оныӊ 21-і отырықшы, 11-і қыстайтын, 25-і жыл құстары. Қызыл кітапқа бүркіт, ақсұӊқар, дала қыраны, аққұйрық субүркіт, сұр тырна, үкі, қарабас өгізшағала, шүйілгіш кептер енгізілген.

Бурабайдағы орман алқабыныӊ 65 пайызын қарағай және 31 пайызын қайыӊ алып жатыр. Қалған пайызын көктерек, шегіршін, үйеӊкі, терек, ақ қараған, долана, шие, алма ағаштары, ұшқат, шетен, тобылғы, мойыл құрайды.

Көлдерінде алабұға, мөӊке, шабақ, шортан, аққайран, сонымен қатар, тұқы балық, табан, көксерке, сазан, ақсаха, балықтары тіршілік етеді.

Бурабайда Үлкен және Кіші Шабақты, Бурабай, Қараүӊгір, Қотыркөл, Тұр, Шортанды сияқты көлдер мен 80-ге тарта су қоймалары бар.

Үш жүздіӊ басын қосып, қазақ мемлекетініӊ негізін қалаған Абылай ханныӊ осында қоныстануы да бекерден-бекер емес. Бұл күнде Бурабайда Абылай хан алаӊында ұлы ханға арналған ескерткіш белгі бар. Ауасы дертке дауа жер жәннатына келіп тынығатын мыӊдаған дем алушы Абылай хан алаӊына арнайы ат басын бұрып, Ұлы бабаныӊ рухына тағзым етеді.

Астанаға көрмеге келгендер де Бурабайға барып, "Ұйқыдағы батыр", "Тау басындағы піл", "Үш апалы-сіӊлілі" тас бейнелері мен Кенесарыныӊ үӊгірін тамашалағандар таӊдай қағып таӊданыс білдіріп, табиғаттыӊ тамашасына тәнті болуда.

Ақмола облысы Бурабайдан басқа зерлі Зерендініӊ, сырбаз Сандықтаудыӊ, арайлы Айыртаудыӊ, бедерлі Бұландыныӊ бұла табиғаттарымен мақтана алады. Құшағын ашқан Қопа көлімен кербез Көкшетау да кез-келген қонағын қарсы алуға дайын.

Ақмола облысы ежелден егіні жайқалған дәулеті асқан берекелі өӊір.

Астананыӊ азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы бойынша өткен жылдыӊ өзінде құны 9,2 миллиард теӊгеніӊ жобасы жүзеге асқан. Осыныӊ нәтижесінде Елорда ұнмен 100 пайыз, жұмыртқа және картоппен 52 пайыз, ет өнімдерімен 50 пайыз қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, өткен жылы 94 мыӊ тонна сүт өндірілген. Бұл астаналықтардыӊ сүтке деген сұранысыныӊ 48 пайызын қамтиды.

Астананыӊ азық-түлік белдеуін ұйымдастырып келе жатқан Ақмола облысында 319 кәсіпорын болса, соныӊ 15-і ет өӊдеумен айналысады. Олардыӊ жылдық өӊдеу қуаты 19 мыӊ тоннаны құрады. Бұдан басқа өӊірде жылына 132,6 мыӊ тонна сүт өӊдей алатын 14 кәсіпорын жұмыс істесе, ұн тарту кәсіпорындарыныӊ саны 55-ке жетіп жығылады. "Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық акция аясында Астана қаласында тұӊғыш рет сауда- көрме павильоны ашылды. Бес мыӊ шаршы метр аймақты алатын сауда орталығында отандық 500 тауар өндіруші өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алды. Олардыӊ арасында "Ақмола маркасымен" "Үш бұлақ" ЖШС, "ЭкоМилк" ЖШС, "Бижан" ЖШС тағы басқа кәсіпорындар бар. Еліміздіӊ тарихында өшпес ізі қалатын аталмыш көрменіӊ ойдағыдай өтуіне жүрегі елім деп соққан әрбір саналы азамат өзініӊ үлесін қоссам дейді. Олардыӊ арасында ақмолалықтар да бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны