06.10.2017, 18:20 6210

Ақмола облысы мен Канада арасындағы сауда-саттық 2017 жылы 12 миллион долларды құраған

Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Егор Каппель 5 қазанда өӊірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Канада елшілігініӊ хатшысы Даррен Смитпен екі жақты ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

Көкшетау. 6 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы әкімініӊ орынбасары Егор Каппель 5 қазанда өӊірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасындағы Канада елшілігініӊ хатшысы Даррен Смитпен екі жақты ынтымақтастық және экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастырды.

- Елімізде өндірілетін астықтыӊ төрттен бірі біздіӊ облыста алынады. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау мен экспорттау бойынша да үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Исіресе, Астана қаласыныӊ айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағытында біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Сонымен қатар, өӊірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамып келеді. Соӊғы жылдары облысымызға Канададан ауыл шаруашылығы техникасы мен ірі қара мал көптеп жеткізілді. Мұны екі жақтыӊ сауда-саттық саласындағы жетістіктері деп білеміз, - деді Егор Каппель өз сөзінде.

Сондай-ақ, канадалық мейман өз сөзінде Ақмола өӊіріне келгеніне өте қуанышты екенін айта келіп, жұмыс сапарыныӊ мақсатына тоқталды.

- Канада Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы саласындағы басты әріптестерініӊ бірі болып табылады. Осы өӊірде де бірқатар канадалық компаниялардыӊ өкілдері бар. Олар екі жақты сауда-саттықты дамыта түсуде. Біздіӊ жұмыс сапарымыздыӊ мақсаты да осы ынтымақтастық және экономикалық байланысты одан әрі нығайту, - деді бұл орайда, Даррен Смит өз сөзінде.

Ақмола облысы мен Канада арасындағы ынтымақтастық сонау 2004 жылдан басталды. Өткен жылдыӊ қорытындысы бойынша екі жақты сауда айналымы 12 миллион АҚШ долларын құраған. Осы орайда, тауар айналымы негізінен, импорттық тауарлардыӊ үлесіне тиесілі. Олардыӊ ішінде ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары бар. Соныӊ ішінде экспорт үлесі жоқтыӊ қасы болғанымен, импорт үлесі ағымдағы жылдыӊ сегіз айында 9 миллион долларға жеткен.

Кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеӊінен сөз болды. Облыс әкімініӊ орынбасары өз сөзінде өӊірімізде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Кездесуді қорытындылаған Е.Каппель алдағы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынас осылайша өрби беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны