13.11.2017, 13:43 4290

Ақмола облысы мен РФ Курган облысы өзара әрiптестiктi дамыту жөнiндегi хаттамаға қол қойды

Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин мен РФ Курган облысыныӊ губернаторы Алексей Кокорин Челябинск қаласында өтiп жатқан Қазақстан мен Ресейдiӊ ХIV өӊiраралық ынтымақтастығы форумы аясында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әрiптестiктi дамыту жөнiндегi хаттамаға қол қойды.

Көкшетау. 13 қараша. Kazakhstan Today -Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин мен РФ Курган облысыныӊ губернаторы Алексей Кокорин Челябинск қаласында өтiп жатқан Қазақстан мен Ресейдiӊ ХIV өӊiраралық ынтымақтастығы форумы аясында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени әрiптестiктi дамыту жөнiндегi хаттамаға қол қойды.

Тараптар өз құзыреттерi шеӊберiнде ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге өнiмдерiн саудалауға, мал тұқымын асылдандыруға және агротехнологияны дамытуға қолдау көрсетпек. Сонымен қатар тараптар бiрлескен iс-шараларға (жәрмеӊке, көрме, форум және конференциялар) атсалысуға уағдаласты. Осы ретте, Мәлiк Мырзалин екiжақты туризмдi дамыту мәселесiне көӊiл бөлдi.

"Ақмола облысы iрi туристiк орталық болып саналады. Бiз Ресейден келетiн туристер ағынына басымдық берiп отырмыз. Бiзге келетiн туристердiӊ 30 пайызы шекаралас Курган, Омбы және Түмен облыстарыныӊ тұрғындары. Кургандықтар үшiн есiгiмiз әрдайым ашық", - дедi аймақ басшысы.

Сонымен қатар Курган облысыныӊ губернаторы Алексей Кокорин де сауда-өнеркәсiптiк және әлеуметтiк саладағы ынтымақстық туралы айтып өттi.

"Бiз осыған дейiнгi келiсiмдi жаӊарту туралы келiстiк. Ендi барлық салалар бойынша "жол картасын" жасайтын боламыз", - дедi Алексей Кокорин.

Еске сала кетейiк, Ақмола мен Курган облыстары 5 жыл бойы ынтымақтастықта жұмыс iстеп келедi. Жаӊа құжат соны нығайтып қана қоймай, одан әрi дамытуға мүмкiндiк бермек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны