20.07.2017, 20:16 4219

Ақмола облысы орталығында жыл аяғында 206 пәтерлі 6 көп қабатты үйді пайдалануға беру көзделуде

Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеӊесінде "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ орындалуы және ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытындылары қаралды.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеӊесінде "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ орындалуы және ұлттық бірыӊғай тестілеудіӊ қорытындылары қаралды.

Аппарат кеӊесінде облыстық құрылыс басқармасыныӊ басшысы Марат Иубәкіров "Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ орындалуы туралы баяндама жасады. Бағдарлама бес бағытты қарастырады. Облыста 39 жобаны жүзеге асыруға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 693,5 миллион теӊге бөлінген. Ақмола облысында қазіргі таӊда осы бағдарлама бойынша құрылыс айтарлықтай өрістей түсуде. Исіресе, халықтыӊ аз қамтылған топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын жасауға ұлттық қордан 1 562,5 миллион теӊге қаржы бөлу іске асырылған. Осыныӊ арқасында Көкшетау қаласында 40 пәтерлік сегіз тұрғын үй, Аршалы және Жақсы аудандарында көп пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олардыӊ инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымы да бірге қолға алынуда. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бағыты бойынша 14 елді мекенде, тұтастай алғанда жеті ауданда тұрғын үй құрылысын өрістету көзделіп отыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісі арқылы несиеге берілетін үйлер де назардан тыс қалмаған. Жыл аяғында облыс орталығында 206 пәтерлі 6 көп қабатты үйді пайдалануға беру көзделуде. Бір сөзбен айтқанда, "Нұрлы жер" бағдарламасы облыста тұрғын үй құрылысын жеделдетуге жаӊаша серпін беретіндігі айқын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны