27.05.2008, 19:17 3146

Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысы Щучье ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "үстіміздегі жылдың 24 мамырында ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Щучье ауданының әкімін пара алғаннан кейін ұстады".

Икім бопсалаған сомасының 50 мың АҚШ долларын құраған бөлігін алғанынан кейін құрықталады.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы, 311-бабының 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны