02.10.2017, 17:38 4231

Ақмола облысы Зеренді ауданыныӊ өнеркәсіп саласында өндірілген өнімініӊ көлемі 2017 жылдыӊ сегіз айында 117,5 миллиард теӊгеге жетті

Мәдениет саласында 167 мәдени-демалыс шаралары өткізіліп, оған 11 мыӊ адам қатысты. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны аудан бойынша жылдан жылға арта түсуде.

Көкшетау. 2 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Зеренді ауданыныӊ әкімі Асқар Мұратұлы өӊірлік коммуникациялар қызметінде журналистерге брифинг өткізіп, өӊірдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ сегіз айындағы қорытындысы жайында айтып берді.

2017 жылдыӊ қаӊтары мен тамыз айлары арасында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 9,4 миллиард теӊгені құраған. Нақты көлемі индексі 101,8 пайызға жетіп, аудан бұл көрсеткіш бойынша облыста 6 орыннан көрініп отыр.

- Биылғы жылы аудан диқандары агротехникалық шараларды ұтымды қолданудыӊ арқасында егін орағы уақытында аяқталып, гектар түсімі 17,2 центнерден айналды, - деп атап өтті А.Мұратұлы өз сөзінде.

Сонымен бірге, мал азығын да-йындау мәселесі де сөз болды. Аудан шаруашылықтары мал қыстатуға әзір. Бір жылға қажетті жем-шөп қоры толық әзірленген. Аграрлы ауданда мал шаруашылығына зор көӊіл бөлініп келеді. Дегенмен, былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл ірі қара саны сәл кемігені байқалады. Есесіне жылқы, қой мен ешкі, шошқа және құс саны артып отыр. Жыл басынан бері аудан бойынша ет өндірісі 6,1 мыӊ тоннаны және сүт өндірісі 35,3 мыӊ тоннаны құрады. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімініӊ көлемі 2017 жылдыӊ сегіз айында 117,5 миллиард теӊгеге жетті, өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда нақты көлем индексі 114,1 пайызды құрады.

Ауданда инвестициялық жобалар да қолға алынуда. "Үдемелі индустриялық-инновациялық даму" бағдарламасы аясында, 2016 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасына "Блик Терминал" серіктестігініӊ құс фабрикасы енгізілді. Бұл жобаныӊ құны 1 миллиард теӊгеге бағаланып, 2018 жылы жүзеге асыру жоспарланған. Кәсіпорынныӊ жылдық қуаты 250 тонна құс етін өндіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, ауданда құны 5,4 миллиард теӊгеге "Арай Про" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ каолин өндіретін тау-кен комбинатыныӊ құрылысы жүргізілуде. Ауданда кәсіпкерлік те кеӊ қанат жаюда. Бұл ретте биыл пайдалануға берілген "Сөгетті" мейрамханасы мен жаӊадан салынып жатқан "Аӊсат" қонақ үй кешені және "Бибі Сара" демалыс аймағын айта кеткен жөн.

Ал, аудандық маӊызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге 80 миллион теӊге бөлінген. Бұл қаржыға "М.Ғабдуллин-Қанай би", "Ақкөл-Қазақстан", "Березняковка-Көкшетау-Қостанай" тас жолы учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса, "Бурабай-Зеренді" тас жолы да жөнделуде. Сондай-ақ, "Елікті" шаӊғы базасына апаратын жолды қалпына келтірудіӊ де бірінші кезеӊі жүзеге асырылуда. Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қаматамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Осы бағытта Ортақ, Павловка, Серафимовка, Симферополь, Приричен, Исаковка, Қостомар және Қонысбай ауылдарына тартылған су құбырлары жөнделді. Абаттандыру, санитарлық іс-шаралар, қоқыс шығару бағытында да біраз шаруаныӊ басы қайырылған. Брифингте айтылғандай, есепті кезеӊде жалпы жұмыссыздық деӊгейі 0,64 па-йызды құрап отыр.

-Мәдениет саласында 167 мәдени-демалыс шаралары өткізіліп, оған 11 мыӊ адам қатысты. Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны аудан бойынша жылдан жылға арта түсуде. Қоғамдық тәртіп бойынша аудан аумағында 260 қылмыс тіркелген, - деп сөзін түйіндеді аудан әкімі.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер аудан әкіміне "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы, жасыл экономика және баламалы энергия көздеріне қатысты өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны