10.07.2017, 18:41 3770

Ақмола облысына ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаттары іссапармен келді

Мәжiлiс депутаттары өӊiрлердi аралау мақсатын түсiндiрiп, өнеркәсiптiӊ бiрдiндеп дамуын, өӊiрдегi бұл кәсiпорынныӊ орта және шағын бизнес мекемелерiн тапсырыспен қамтамасыз етiп отырғандығын атап өттi

Көкшетау. 10 шілде. Kazakhstan Today Ақмола облысын жұмыс сапарымен аралап жүрген Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiӊ депутаттары Майра Айсина, Михаил Чирков,Сапархан Омаров, Юрий Тимощенко, Мұрат Темiржанов, Сергей Звольский және Жанат Омарбекова өӊiрiмiздегi iрi кәсiпорындардыӊ бiрi "Камаз Инжиниринг" зауытында болып, жұмысшылармен кездестi. Жұмыс циклымен танысқан халық қалаулылары зауыт инжинерлерiмен және қатардағы жұмысшы мамандармен бiрқатар мәселелердi талқылады.

Мәжiлiс депутаттары өӊiрлердi аралау мақсатын түсiндiрiп, өнеркәсiптiӊ бiрдiндеп дамуын, өӊiрдегi бұл кәсiпорынныӊ орта және шағын бизнес мекемелерiн тапсырыспен қамтамасыз етiп отырғандығын атап өттi.

"Бiз бүгiн кәсiпорынныӊ жұмысымен танысып, жұмысшылармен сөйлестiк.Оларды мазалаған сұрақтарына жауап бердiк. Жұмыс iстеу үшiн бұл кәсiпорын қабырғасында барлық жағдай жасалған. Кәсiпорындағы орташа жалақы 140-150 ыӊ теӊгенi құрайды. Бұдан өзге жұмысшылар үшiн тегiн медициналық қызмет көрсету белгiлен",- дедi өз сөзiнде Майра Айсина.

"Камаз-Инжиниринг" мекемесi Қазақстан мен Ресейдiӊ бiрлескен жобасы аясында ауыр жүк көлiктерiн шығаратын өӊiрiмiздегi еӊ iрi кәсiпорындардыӊ бiрi болып табылады. Ресейдiӊ "Камаз" АҚ және Қазақстандық "Камаз Инжиниринг" Ұлттық компаниясы бiрлесiп, 2005 жылдан берi жүк көлiктерiн құрастырумен айналысуда.

Бүгiнгi таӊда кәсiпорын қабырғасында 200 ден астам адам еӊбек етуде. Еӊбек ұжымы қазақстандық "Камаз" модельдiк қатарын қалыптастырып, шығаруға өз үлестерiн қосқандығын мақтанышпен жеткiзуде.

Сонымен қатар жұмыс барысында халық қалаулылары "Көкшетау автобус паркiнде" болып, автобус жүргiзушiлерi жанар-жағармай бағасыныӊ көтерiлуi, автомобиль бөлщектерiнiӊ қымбаттауы мен жас отбасыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселелерiн көтердi. өӊiрдiӊ үкiметтiк емес ұйымдарымен кездесу өткiздi. Ұжымдық кездесулерге қатысқан Мәжiлiс депутаттары бiрқатар сұрақтарға жауап берiп, бүгiнгi таӊда үлкен талқылауға ие болған Елбасыныӊ Қазақстан халқына арнаған Жолдауын, бағдарламалық мақаласы мен медициналық сақандыру мәселесiн түсiндiрiп бердi. Бұл күнi партияныӊ қоғамдық қабылдауында депутаттар азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау жүргiздi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны