17.10.2017, 17:52 4474

Ақмола облысында 2 мыӊнан астам тұрғыны бар 69 елдiмекенде дербес бюджет енгiзiлетiн болады

Форумда аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Илеуметтiк-экономикалық жаӊғырту -Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты" Жолдауында жергiлiктi жерлердегi мәселелердi шешуде тұрғындарды тарту мақсатында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту бағытында қойылған мiндеттердiӊ өӊiрде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Көкшетау. 17 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысында ауыл әкiмдерiнiӊ республикалық форумы өткiзiлдi. Шараға Ақмола облысыныӊ әкiмi Мәлiк Мырзалин, ҚР ҚР Ұлттық экономика вице-министрi Айбатыр Жұмағұлов, ҚР Қаржы вице-министрi Берiк Шолпанқұлов, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстары әкiмдерiнiӊ орынбасарлары, аудандық маӊызы бар қалалардыӊ, ауылдар мен кенттердiӊ, ауылдық округтердiӊ әкiмдерi қатысты.

Форумда аймақ басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Илеуметтiк-экономикалық жаӊғырту -Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты" Жолдауында жергiлiктi жерлердегi мәселелердi шешуде тұрғындарды тарту мақсатында жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту бағытында қойылған мiндеттердiӊ өӊiрде жүзеге асырылу барысына тоқталды.

"Алдағы жылдан бастап Ақмола облысында 2 мыӊнан астам тұрғыны бар 69 елдi мекенде дербес бюджет енгiзiлетiн болады. Ал, 2020 жылдан бастап, 177 әкiмшiлiк бiрлiкте (барлығы 246) жоспарланған. Бiздiӊ облыс өзiн-өзi басқару заӊыныӊ әзiрленуiне белсендi атсалысты. Дербес бюджетке көшу бағытында өӊiрлердi дайындау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Икiмдiктердiӊ аппараттары жоғары жылдамдықты интернетпен толық қамтамасыз етiлдi. Ауыл әкiмдiктерiн компьютерлермен қатамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде", - дедi М.Мырзалин. Сонымен қатар аймақ басшысы салық төлеу базасын нақтылау бойынша мемлекеттiк мәлiметтер базасы қайта қаралып, нақтыланып жатқанын атап өттi. "Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарыныӊ кадрлық құрамыныӊ сапасын арттыру мақсатында ауылдық округ әкiмдерi, аппарат қызметкерлерiнiӊ бюджеттi жоспарлау және бюжет шығысы, салық төлеу, мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша бiлiктiлiгiн көтеру жұмыстары жүргiзiлдi. Коммуналдық меншiк және дербес бюджеттi енгiзу бойынша ақпарттық-түсiндiру топтары оқу семинарларын өткiздi.

ҚР Ұлттық экономика министрлiгiнiӊ "Зерде" оқыту орталығымен бiрлесiп, ауыл әкiмдерi үшiн Астана және Көкшетау қалаларында арнайы оқу семинарлары ұйымдастырылды. Мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудыӊ өӊiрлiк орталығында 2 мыӊнан астам ауылдық округ әкiмдерi мен мамандары және 160 жуық аудандық экономика және қаржы бөлiмдерiнiӊ қызметкерлерi оқытылды", - дедi аймақ басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны