13.10.2017, 23:22 6093

Ақмола облысында ауыл әкімдерініӊ республикалық форумы болып өтті

Ақмола облысында ауыл әкімдерініӊ республикалық форумы болып өтті

Көкшетау. 13 қазан. Kazakhstan Today - Көкшетауда Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалинніӊ қатысуымен аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдар мен кенттер, ауылдық округтер әкімдерініӊ жергілікті өзін-өзі басқаруға, дербес бюджет пен коммуналдық мүлкін енгізудіӊ тетіктері мен ережелерін түсіндіруге арналған республикалық форум болып өтті.

Форумға Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ төртінші және бесінші шақырылымдарыныӊ депутаты Айгүл Соловьева және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдерініӊ орынбасарлары, аудандық маӊызы бар қалалардыӊ, ауылдар мен кенттердіӊ, ауылдық округтердіӊ әкімдері қатысты. Белгілі журналист Сергей Понамаревтіӊ модераторлығымен еркін пікір алмасу форматында өткен форумда мазмұнды баяндамалармен қатар тыӊ ұсыныстар да айтылды. Форумды ашқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин жиналғандарға шараныӊ маӊыздылығын айта келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты" Жолдауында жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуде тұрғындарды тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында қойылған міндеттерініӊ өӊірде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өз сөзінде былай деді:

"Құрметті форумға қатысушылар!

Сіздерді аудандық маӊызы бар қалалардыӊ, ауылдар мен кенттердіӊ, ауылдық округтердіӊ әкімдеріне арналған республикалық форумда қарсы алғаныма қуаныштымын. Ақмола облысына қош келдіӊіздер! Еӊ алдымен, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне елдіӊ солтүстік өӊірлері үшін Ақмола облысында осындай ауқымды форум өткізгеніне алғысымды білдіремін.

2004 жылдан бері Қазақстанда бірқатар функцияларды жергілікті атқарушы органдарға беру жолымен мемлекеттік басқару жүйесін жаӊғырту жүргізуде. Ауылдық елді мекен әкімдерініӊ рөлін күшейту жұмысы одан әрі жалғастырылуда.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Илеуметтік-экономикалық жаӊғырту - Қазақстан дамуыныӊ басты бағыты" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардыӊ жергілікті маӊыздағы барлық мәселелерді шешуге қатысу аясын кеӊейту қажеттігі туралы атап көрсеткен болатын.

2018 жылдан бастап Ақмола облысында өз бюджеті тұрғындар саны 2 мыӊнан астам 69 елді мекенде, 2020 жылдан бастап қалған 177 ауыл-селода енгізілетін болады. Сөйтіп, бұл көрсеткіш барлығы 246 елді мекенді қамтиды.

Біздіӊ облыс жергілікті өзін-өзі басқару туралы заӊныӊ әзірленуіне белсене қатысты. Облыс өӊірлерін өз бюджеттеріне көшуге дайындау жөнінде үлкен жұмыс атқарылды. Икімдердіӊ аппараттары жоғары жылдамдықтағы үздіксіз интернетпен толық көлемде қамтамасыз етілген, ауылдық әкімдіктерді осы заманғы компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Салық салынатын базаны анықтау мақсатында мәліметтердіӊ мемлекеттік базасындағы деректерді салыстыру және өзектендіру іске асырылды. Анықталған тіркелмеген объектілер бойынша оларды әділет органдарында тіркеу жөнінде шаралар қолданылуда, мұныӊ өзі селолық округтер бюджеттерініӊ кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Республикамыздыӊ барлық аймақтарындағыдай, селолық деӊгейде кадрлармен қамтамасыз ету проблемалары сақталуда. Жергілікті атқарушы органдардыӊ штаттық саныныӊ тиімді лимитін анықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстыӊ шеӊберінде аталған мәселе таяу уақытта оӊ шешіледі деген сенімдеміз.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ кадрлық құрамныӊ сапасын арттыру мақсатында бюджетті жоспарлау және жұмсау, салық салу, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша ауылдық округтердіӊ әкімдері мен олардыӊ аппараттары қызметкерлерініӊ біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Ақпараттық-түсіндіру топтары жергілікті жерлерде әкімдіктердіӊ өз бюджетін және коммуналдық меншікті енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Селолық округтердіӊ әкімдері Көкшетау және Астана қалаларында Ұлттық экономика министрлігі "Зерде" оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған арнайы оқыту курс-тарынан өтті.

Аймақтық мемлекеттік қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру орталығыныӊ базасында тұрғындар саны 2 мыӊ адамнан асатын селолық округтердіӊ әкімдері, әкімдер аппараттарыныӊ мамандары, сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімдерініӊ қызметкерлері, барлығы 160 адам арнайы курстарда оқып шықты.

Алдағы уақытта тұрғындарды жергілікті проблемаларды шешу, әлеуметтік және азаматтық белсенділікті, азаматтардыӊ өз жеке тағдыры үшін жауапкершіліктерін арттыру ісіне тарту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады. Өзін-өзі басқаруды дамыту азаматтық қоғамды және әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастыру үдерісін айтарлықтай жеделдете түспекші.

Форумныӊ барлық қатысушыларына жемісті жұмыс, қызғылықты пікір-таластар, жаӊа қызметтік және достық байланыстарға жетуді тілеймін. Пікір алмасулар, проблемалық мәселелерді талқылау жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі алға қойылған міндеттерді табысты шешу үшін пайдалы және тиімді болады деген сенімдемін. Зейін қойып тыӊдағандарыӊызға рахмет".

Ауылдық округ әкімдерінде бұдан былай жеке бюджет болатындықтан, елді мекенніӊ әрбір тұрғынынан түсетін салықтыӊ да маӊызы арта түспек. Өйткені, салық көп болса, бюджеттіӊ көлемі де соған сай болмақ. Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов өз баяндамасында осы мәселеге жан-жақты тоқталды. Жаӊа жылдан бастап жаӊа жүйемен жұмыс істейтін ауылдық округ әкімдеріне үш айды күтпей қазірден бастап өздеріне тиесілі өӊірдегі жылжымайтын мүліктерді, өзге де дүниелерді тіркеуге алу керектігін ескертті.

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты" жеке мекеме директоры Сергей Худяковтыӊ келешекте комиссия құрамына енетін ауыл тұрғындарын ауыл әкімдері секілді біліктілікті арттыру курстарына жіберу жөніндегі ұсынысы да көпшілік тарапынан қолдауға ие болды.

Қазақстан Республикасы Еӊбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді дамыту департаментініӊ директоры Қалел Енқұлов сөз сөйлеп, "Е-халық" ақпараттық жүйесі ауылдық округ әкімдерініӊ шаруашылық жөніндегі кітапшасыныӊ электрондық нұсқасы екенін, ол халықтыӊ саны мен құрамын ескеру, ауыл бюджетін қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау үшін пайдалануға болатынын айтып өтті.

-Тұрғындар олардыӊ мүлкі мен жері есепке алынбаса, төртінші деӊгейдегі бюджетті жасау мүмкін емес. Осы орайда, өткен жылы "Е-халық" ақпараттық жүйесін жасадық. Мұнда тұрғындардыӊ мал - мүлкі мен жері есепке алынған. Бұл есеп ауылдық округ әкімдіктерінде шаруашылық жөніндегі кітапшасы арқылы жүргізіледі. Кітапшада әр отбасыныӊ мүшелері жөніндегі ақпарат та тіркелген. Біз бұл кітапшалардағы ақпаратты толықтырып, электрондық базаға енгіздік. Аталмыш базаны мемлекеттік органдардағы жеке тұлға, жылжымайтын мүлік және өзге де база жүйелеріндегі ақпаратпен салыстырдық. Нәтижесінде елді мекендердегі үй шаруашылығы жөнінде ақпарат жинадық. Бүгінгі таӊда бұл жүйе Ақтөбе облысыныӊ 148 ауылдық округінде жұмыс істейді. Бұл базадан округ тұрғындары, мүгедектер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөнінде толық ақпарат алып, жұмыс жоспарын құруға болады. Мәселен, есепке алынбаған нысандар анықталады. Балалар саны көп болса, жаӊа мектеп салу жоспарланады. Ардагерлер де ұмытылмайды. Қазір автокөліктерді тіркеу жүйесініӊ сұлбасын жасаудамыз. Аршалы мен Қорғалжын аудандарыныӊ барлық округтерінде ақпараттық жүйе жасау бойынша жұмыс жүргіздік. Елді мекендердегі көші-қон мәселесімен таныстық. Қорғалжын ауданында 9 мыӊға жуық адам тұрады. Мұнда жаӊа туған балалар мен зейнеткерлер де аз.

Біздіӊ ақпараттық жүйемен қорғалған арна арқылы жұмыс істеуге болады. Арна байланысы үшін айына 24 мыӊ теӊге төлеу керек деді,- департамент директоры. Бұдан соӊ қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ 4-5 шақырылымдарыныӊ депутаты Айгүл Соловьева сөз сөйлеп, форумныӊ саяси маӊыздылығына тоқталды.

-Ауыл әкімдеріне бюджет пен мемлекеттік меншік беріледі. Сөйтіп, жергілікті өзін-өзі басқару кезеӊ кезеӊмен дамиды. Дамыған елдердіӊ қатарына кіру үшін еуропалық хартияны басшылыққа алып, жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеу керек. Қоғамдық бақылаудыӊ арқасында елді мекендерде атқарылатын жұмыстыӊ сапасы жақсарады. Шеттен келетін серіктестіктер өз филиалдарын ашып, салықты жергілікті бюджетке төлеуі керек. Ауыл округі әкімдігі мамандарыныӊ санын көбейту, әкімдердіӊ біліктілігін арттыру орталығын ашу мәселелерін қарау қажет,-деді қоғам қайраткері.

Форум жұмысы "жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жоспарлау және орындау", "жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық мүлкін басқару" тақырыбындағы оқу семинарымен жалғасты.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов өз сөзінде былай деді:

- Заӊ жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ бюджеттік процесі мен коммуналдық меншікті басқару өкілеттігін кеӊейту көзделген. Өздеріӊізге белгілі, еліміздіӊ бюджет жүйесі үш деӊгейден тұрады. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деӊгейінде дербес бюджет жоқ. Олар шамамен 2,5 мыӊ әкімшілік бірлікті құрайды. 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап 2 мыӊнан астам тұрғыны бар ауылдық округтіӊ деӊгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ бюджетіне мемлекеттік бюджеттіӊ төртінші деӊгейі енгізіледі, 2020 жылдан бастап барлық жерде қамтылады. Елімізде 2 мыӊнан астам адам тұратын 1 066 елді мекен бар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ бюджетініӊ кірісі жеке табыс салығынан, жеке тұлғалардыӊ мүлік салығынан, жеке және заӊды тұлғалардыӊ көлік салығынан, жер салығынан және өзге де төлемдерден қамтылады. Оған қоса, ол бюджеттіӊ салықтық емес түсімдерден де қалыптасатынын жеткізді.

Заӊ жобасымен сегіз заӊнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Олардыӊ ішінде еліміздіӊ Азаматтық кодексі, Бюджет кодексі, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексі, Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Жарнама туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" және "Кәсіптік одақтар туралы" заӊдар бар. Құжат аудандық маӊызы бар қалалардыӊ, ауылдардыӊ, кенттердіӊ, ауылдық округтердіӊ дербес бюджетін, яғни, бюджеттіӊ жаӊа төртінші деӊгейін кезеӊ-кезеӊмен енгізуді, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншік институтын енгізуді көздейді. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру, бекіту және орындау тәртібі заӊнамалық түрде бекітіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ бюджет процесін және жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері нақтыланып, толықтырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны